Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/03/05

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры бос лауазымына орналасуға конкурс

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесі (бұдан әрі – Байқау кеңесі) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу күні мен орыны: 2021 жылдың 04 наурыз, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын).

Кәсіпорынның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефондары және электрондық поштаның мекенжайы: Z10H2H5 (010000), Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Жеңіс даңғылы, 81-үй, жұм. тел.: 8 (7172) 39-27-55, е-mail: emhana14@mail.ru.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты сапалы, қауіпсіз, уақтылы және әлеуметтік бағдарланған медициналық көмек көрсету болып табылады.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)қауырт және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған келесі сипаттағы медициналық көмек көрсету:

– амбулаториялық-емханалық көмек (алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек);

– стационарлық көмек;

– стационарды алмастыратын көмек;

– шұғылдық бойынша 4 санаттағы жедел медициналық көмек;

2) ауруды ерте анықтау мақсатында скрининг жүргізу;

3) онкологиялық сақтану, туберкулезді, жыныстық жолмен жұғатын ауруларды анықтау бойынша емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

4) Осы тексерілуге жататын адамдарды профилактикалық, алдын ала міндетті медициналық тексерілуін жүргізу болып табылады;

5) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама, еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылу белгілері бар адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу;

6) аурудың созылмалы түрлері бар адамдарды динамикалық бақылау;

7) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;

8) инфекциялық ауруларды анықтау, «ошақты бақылау»;

9) зертханалық диагностика.

Негізгі лауазымдық міндеттері: денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, қабылданатын шешімдерге, мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелеріне толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру жолын айқындайды.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара әрекеттесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, олардың жұмысын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық

көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмірлері мен денсаулықтары үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысынің нысаны мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидалары негізінде ұжымдық келісімшартты әзірлеуді, бекітуді және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек мотивациясын, бастамашылдығы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адамдардың денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, келісімшарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңның сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар бекітеді, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылатын өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйым атынан қатысады. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық қолдануының тиісті атқарылуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есебін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медицина саласындағы жоғары білім (санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру үшін – бейіні бойынша); «Қоғамдық денсаулық сақтау» / «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» / «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) / «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің болуы/ PhD докторы; Денсаулық сақтау саласында басшылық қызметтерде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі; немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімі және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жай-күйінің статистикасын, халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың және денсаулық сақтауды басқару жүйесінің теориялық негіздерін, санитарлық ағартуды ұйымдастыру, халықты гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау, адамның мекендеу ортасының факторлары, Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелері мен нормалары.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталуы мен қабылдау күні: құжаттар 2021 жылдан 11.02. 2021 жылға 26.02. дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін түрде жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдануы және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сотқа тартылуы жоқтығы туралы анықтамасы, фото 3х4 (2 дана).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген түлғалар конкурс жариялаған Кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары сұхбаттасу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Оларды ұсынбаған жағдайда тұлға сұхбаттасуға өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Байқау кеңесі ұсынылған құжаттардың «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020

жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының лауазымына біліктілік бойынша талаптарға және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабының 1) тармағының 3) тармақшасында және 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес болуын ұарастырады, және құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қатысушыларды сұхбаттасуға жіберілуі туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қарастыру қорытындысы бойынша хатшы сұхбаттасуға жіберілген үміткерлердің тізімін және оны өткізу кестесін қалыптастырады.

Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлердің тізімі және сұхбаттасудың өткізу кестесі үміткерлерді жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Кәсіпорынның интернет-ресурстарында және Кәсіпорынның ғимаратында баршаға көрінетін жерлерде орналастырылады.

Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлерді олардың сұхбаттасуға өткізілуі туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде сұхбаттасу өткізу мерзімі туралы хатшы хабардар етеді. Хабарлама телефон арқылы, үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Рұқсаттама алмаған конкурс қатысушыларына үміткерлердің сұхбатқа өткізілуі туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде хатшы бұл туралы хабарлайды.

Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлердің тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі үміткерлерді өткізілуі туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сұхбаттасу өткізеді. Әрбір үміткермен сұхбаттасу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен сақталады.

Сұхбаттасу келесі кезеңдерден тұрады:

1) Кәсіпорынның даму презентациясы;

2) Үміткердің құзыретін бағалау.

Кәсіпорынның дамуы таныстыру-презентациясы кезінде үміткер Кәсіпорынның негізгі проблемаларына талдау жасайды және оларды шешу бойынша шараларды ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламалары, Денсаулық сақтау саласының өзекті проблемалары және оларды шешу үшін қолданылатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.