Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының байқау кеңесі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының байқау кеңесі (бұдан әрі – Байқау кеңесі) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана»  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры бос орыны лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілетін күні  және орны: 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекті қоса алғанда, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын).

Кәсіпорынның орналасқан жері, поштасының мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6 үй, жұм. тел.: 8 (7172) 577-220, е-mail: gb2.otdelkadrov@mail.ru.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты халыққа, сондай-ақ әйелдерге жүктілік, босану кезеңінде және босанғаннан кейінгі кезеңде, гинекологиялық аурулар, репродуктивті функциялардың бұзылуы кезінде жоғары білікті медициналық, дәрігерлік, стационарлық және амбулаториялық емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейін бойынша); «Қоғамдық денсаулық сақтау»/«Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;   денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы; не экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы; денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні: құжаттар 2020 жылғы 18 тамыздан бастап 1 қыркүйекті қоса алғанда қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат; «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама, 3х4 сурет (2 дана).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

1) кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;

2) кандидаттың құзыретін бағалау.

Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдауды және оларды шешу үшін ұсынылатын шешімдерді ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.