Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс өткізу туралы жариялайды 

Конкурсты өткізу орны мен уақыты: 2021 жылдың 2 ақпанда  14 сағат 00 минут;Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошкарбаев даңғ, 66, 2-қабат (Әкімшілік), кіші мәжіліс залы.

Атауы және орналасқан жері:Нұр-Сұлтанқаласыәкімдігінің «№1 көпбейіндіқалалықаурухана»  ШЖҚ МКК, пошталық мекен-жайы: 010000, Заңды мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошкарбаевдаңғ66, эл. Мекен-жайыgb1-astana@mail.ru, тел.50-67-51, 8 702 595 11 11, 8 705 423 22 28.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаты:Кәсіпорын қызметі болып барлық тұрғындарға жоғары мамандандырылған медициналық, дәрігерлік, консультативтік-диагностикалық, стационарлық және амбулаториялық, емдік-профилактикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру, сондай-ақ әйелдерге жүктілік кезеңінде, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде, гинекологиялық аурулар жағдайында, репродуктивтік функциялардың бұзылуы барысында көмек көрсету табылады. 

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін басқарады, қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдалануына, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижесіне толық жауаптылықпен қарайды. Ұйымқызметініңсаясатын, стратегиясынжәне оны жүзегеасырудыңмеханизмінбелгілейді. Қызметкерлержұмысыныңұйымдықтүрлері мен әдістерініңжаңасыненгізуінжәнежетілдіруін, көрсетілетіндиагностикалық, емдікжәнепрофилактикалықкөмектіңтиімділігі мен сапасынмұнанбылайжоғарылатуын, көрсетілетінқызметтердіңсапасы мен бәсекегеқабілеттілігінжоғарылатуын, мемлекеттікстандарттарғасәйкескелуінқамтамасызетеді.  Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өзара тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, оларыдң әрекетін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық атмосфераны туғызу бойынша шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткішін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Ұжымдық шартты әзірлеу, жасасу және орындаудың әлеуметтік серіктестігі қағидасы негізінде еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек ынталарын, ықыластары мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерттеу және бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз жағдайлардың басым факторларын анықтайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды жақсарту бойынша әрекетті шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге жедел, зертханалық және аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады, санитарлық ережелерді және нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтауды  қадағалайды. Ұйым қызметінің заңдылығын сақтауды, оның ішінде қаржылық-шаруашылық басқару мәселелері бойынша, шарттық және қаржылық тәртіпті қатайтуда, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан шығаруды ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар, мәмілелер жасасады. Өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйррықтар шығарады. Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және соттарда ұсынады. Медициналық әдеп талаптарын орындауды, ішкі еңбек тәртібін сақтауды, аспаптарды жабдықтар меп тетіктерді техникалық қолдануды, өртке қасы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын сақтауды, санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз етеді.Ұйымның мерзімді есептілігін қамтамасыз етеді.

Басшы:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының заңын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, тұрғындарыдң денсаулық жағдайының статистикасын, тұрғындардың денсаулық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді және өлшемшарттарды, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауда басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, санитарлық ағартуды ұйымдастыруды, тұрғындарыд гигиеналық тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын насихаттауды, адамның өмір сүрі ортасының факторын, денсаулық сақтау ұйымының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негізін, қызметкерлерге жалақы төлеу жүйесінің негізін, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау ережесі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік тазалық сақтау және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын білуге тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Медицина саласындағы жоғары білім, «Қоғамдық денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес/әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент және медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада білімін тәмамдаған тұлғалар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және несие» мамандығы бойынша магистр дәрежесінің болуы немесеPhD докторы/ғылыми дәрежесінің болуы; денсаулық сақтау саласында басқарушылық лауазымда атқарған жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес; немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің болуы және «Қоғамдық денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Бос лауазымға арналған конкурс «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2021 жылдың 13 қантардын 09 сағат 00 минуттан бастап – 2021 жылдың 28 қантардын 09 сағат 00 минутқа дейін.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

2.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

3.Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

4.Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).