Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын басшының бос орнына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын басшының бос орнына конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 149-бабы 1-екінші тармағының 1-1-тармақшасына, қадағалаушы кеңеспен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның алқалық атқарушы органының басшысы немесе атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын басшының бос орнына конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды.

 

Кәсіпорынның атауы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК

Орналасқан орны және почта мекенжайы:  Нұр-Сұлтан, «Алматы» ауданы, Қошкарбаев даңғылы, 64

Телефон: 8 717 2 709729

Электрондық мекенжайы: mgdb2_hr@mail.ru

Конкурс өткізетін күн және орын:

03.11.2020 ж. қ.Нұр-Сұлтан, «Алматы» ауданы, Р.Қошкарбаев даңғылы, 64

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдарда құжаттар қабылдауды бастау және аяқталатын күн: 12.10.2020 – 26.10.2020 ж.

Кәсіпорынның негізгі қызметін сипаттау

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК Нұр-Сұлтан қаласының балаларына медициналық көмек көрсетеді.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты жоғары технологиялық, мамандандырылған, білікті медициналық көмек, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық көмек көрсету болып табылады.

Клиниканың қуаты:

стационардың 350 сметалық орны және АРҚТБ 18 сметадан тыс орын;

80% сметалық орын хирургиялық бейіндегі орынды құрайды (350-ден 280 орын).

20% соматикалық орын (30 орын неврология, 30 орын  гастрологиялық, эндокринологиялық, пульмонологиялық, педиатриялық, токсикологиялық, ревматологиялық бейіндермен күрделі соматика бөлімшесі).

 

Клиника құрамында 13 клиникалық және 8 параклиникалық бөлімше, тәулік бойы жұмыс істейтін травматологиялық пунктпен шұғыл хирургияның қабылдау бөлмесі бар.

«Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 26-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы және 26-бабы 2-тармағы 2) және 3) тармақшасына сәйкес

 

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының кодексі, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдары, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, халық денсаулығының жай-күйі туралы статистиканы, халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын критерийлер мен көрсеткіштер, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасы, отандық және шетел медицинасының ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздері және денсаулық сақтаудағы басқару жүйесі, халыққа гигиеналық тәрбие беру, санитарлық ағартуды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, адамның тіршілік ету ортасының факторлары, денсаулық сақтау саласының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау нормалары және қағидалары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік.

Денсаулық сақтау ұйымының басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:

медицина саласында жоғары білім;

“Қоғамдық денсаулық сақтау”/”Денсаулық сақтау менеджменті” мамандығы бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес/әкімшілендіру саласындағы екінші жоғары білімінің болуы немесе “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Денсаулық сақтау менеджменті”, “Менеджмент” немесе “Медицина” (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада білімін аяқтаған адамдар үшін)/ “Бизнес әкімшіленіру”, “Іскерлік әкімшілендіру”, “Экономика”, “Қаржы және кредит” мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе  PhD доктор ғылыми дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда еңбек өтілі кемі 3 жыл;

экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес/әкімшілендіру саласындағы  жоғары білімі немесе “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Денсаулық сақтау менеджменті” магистры дәрежесінің болуы.

 

ҚР Еңбек Кодексінің 26-бабына сәйкес:

  1. Мыналарға:

соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.

  1. Мыналарды:

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды;

кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.

 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мына құжаттарды береді:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілген нысанда);

2) ерікті нысанда жазылған өмірбаяны;

3) білімі туралы құжаттарының көшірмесі

4) Еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болған жағдайда) немесе еңбек шарты, жұмысқа қабылдау туралы және еңбек шартын тоқтату туралы бүйрықтарынан үзінді, не еңбек өтілін растайтын басқа да құжат;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасы нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697);

6) Соттылығы жоқ екені туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің анықтамасы;

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар конкурс жариялаған Кәсіпорынға, хабарландырудан көрсетілген электрондық почтаға құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін электрондық түрде құжаттарды береді.

Құжаттар түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда ол әңгімелесуден өтуге кіргізілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, жұмыс өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті көтеру, ғылыми дәреже және атақ алу туралы құжаттар көшрмесі, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) береді.

Әңгімелесуге рұқсат етілген үміткерлердің тізімін бекіткеннен кейін Қадағалаушы кеңес үміткерлерге рұқсат ету туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінде әңгімелесу жүргізеді.

 

Әңгімелесу мына кезеңдерден тұрады:

1) Кәсіпорынның даму таныстырылымы;

2) Үміткердің құзыретін бағалау.

Кәсіпорын дамуын таныстырған кезде үміткер Кәсіпорынның негізгі проблемаларына және оны шешу бойынша ұсынылатын шараларға талдау жасайды.

Құзыретті бағалаған кезде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламалары, денсаулық сақтау саласының өзекті проблемалары мен оларды шешу үшін қабылданған шаралар туралы білім деңгейін айқындайды.

Қадағалаушы кеңестің оң қорытындысын алған үміткер бір уақытта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 11-бабында көзделген құжаттарды береді.

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК Қадағалаушы кеңесінің төрағасы

_______дан

Өтініш

Маған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурсқа қатысуға рұқсат етуіңізді сұраймын.

Денсаулық сақтау саласындағы қадағалаушы кеңеспен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның алқалық атқарушы органының басшысы немесе атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын басшының бос орнына конкурс өткізу қағидасының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.

Берілген құжаттардың түпнұсқалығында жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________

______________________________________________________

Мекенжайы_________________________________________________

Байланыс телефондарының нөмірі: __________________________

e-mail: ________________________________________________

/_________________________________________________

(қолы)            (Тегі, есімі, әкесінің аты (ол болған кезде))

“____”_______________ 20__ ж.

 

 

ҚОЛХАТ

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурсқа қатысуға   үміткер______________________________ өтініш қабылданды.

(тегі, есімі, әкесінің аты (болған жағдайда),

 

Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

_________________________________________________

_________________________________________________

_________________________________________________

______________________________________________________________________
(хатшының тегі, есімі, әкесінің аты)

___________________________________________
(қолы)

“____” _______________ 20__ ж.