Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Cұлтан қаласының Үйлестіру кеңесі және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқасы: 2019 жылдың 9 айының қорытындысын шығарды

Бүгін 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы, сондай-ақ Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Г.Қ. Жанғарашева, алқа мүшелері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың бірінші басшылары, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандары қатысты.

Күн тәртібінің басты мәселелерінің бірі болып, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ жіті миокард инфарктісі, жіті инсульт, босандыру, жарақаттар мен жазатайым оқиғалар, онкологиялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету бойынша жол карталарын орындаулуы қаралды. Осы мәселелер бойынша Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова баяндама жасады.

Сонымен бірге, кеңесте Нұр-Сұлтан қалалық босандыру қызметінің қызметіне талдау жасалды, сондай-ақ Орталық жол ауруханасы мен Көпбейінді медициналық орталықтың есепті кезеңдегі қызметінің мәселелері тыңдалды.

2019 жылдың 9 ай ішіндегі стационарлық көмектің талдауымен және “Қолжетімді дәрігер” жобасының іске асырылу барысы туралы Басқарма басшысы Сәуле Қисықова сөз сөйледі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда қалада 20-минутты қадамдық қолжетімділік 12 “Қолжетімді дәрігер” нысандары арқылы іске асырылған. Алайда, қазіргі уақытта 100 716 адамның мұндай мүмкіндігі жоқ. Басқарма осы жобаны іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Б. Мәкен қалалық денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу, қала тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету бөлігінде медициналық ұйымдардың қызметін күшейту бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.