Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Орталық жол ауруханасында жөндеу жұмыстары аяқталды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Орталық жол ауруханасы» ЖШС жөндеу жұмыстарыннан кейін халыққа медициналық көмек көрсету үшін жұмысын жалғастырмақ. Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қисықова С.Д қызмет бабымен жөндеуден кейінгі аурухананы көріп қайтты.

Қазіргі уақытта корпустарды жөндеу аяқталып, Жеңіс даңғылы 81 бойынша орналасқан 7 қабатты ғимараттың бірінші үш қабатына емхана бөлімшесі, клиникалық-иммунологиялық зертхананың бір бөлігі, бактериологиялық зертхана, емхана бөлімшесінің күндізгі стационары ауыстырылды.

Ә. Молдағұлова 26Б көшесіндегі ғимаратқа (гинекологиялық корпус) пульмонология, терапия, неврология, қабылдау бөлмесі, травматологиялық пункт, экспресс клиникалық– иммунологиялық зертхана, рентген кабинеті және әкімшілік ауыстырылды.

Орталық жол ауруханасы Сарыарқа ауданында және Байқоңыр ауданында орналасқан және қаланың ең көп қоныстанған аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша қызметтер көрсетеді:

  • медициналық көмектің келесі түрлері бойынша: дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, жоғары технологиялық;
  • медициналық көмектің нысандары бойынша: стационарлық, стационарды алмастыратын, амбулаториялық-емханалық (алғашқы медициналық–санитариялық көмекті және консультациялық– диагностикалық көмекті қоса алғанда).