Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Отбасын жоспарлау

Отбасын жоспарлау адамдарға қалаулы және дені сау ұрпақты  дүниеге әкелу үшін балалардың санын және олардың туылу уақытын саналы түрде таңдауға көмектеседі, қазіргі заманға сай әр адам өзінің репродуктивті денсаулығын сақтауды білуі қажет.

Репродуктивті денсаулық – бала туылуына әсер ететін жүйелерде аурулардың жоқтығы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік саулылығы, және жыныстық қатынасқа жауапкершілікпен қарау.

Бала туу үшін оптимальді жас 20-35 жас аралығы. Егер жүктілік ерте немесе кейінірек болса, ананың және сәбидің денсаулығының бұзылуына әкелетін асқынулар саны көбейеді.

Босанулар аралығы 2-3 жылдан кем болмауы керек. Бұл ананың денсаулығын сақтап, күшін қалпына келтіру арқылы, болашақ босануларға және болашақ сәбилердің денсаулығына қажет.

Босану немесе аборттан кейін бірінші етеккірдің келуіне дейін  жүкті болуы мүмкін, сондықтан жыныстық өмірдің қайта қалпына келуіне дейін сенімді контрацепция әдісін таңдау керек.

Контрацепция әдісін таңдау үшін – барлық контрацептивті құралдар туралы білу және маманмен кеңесу қажет. Контрацепция жыныстық өмірді толыққанды етеді, қажетсіз қауіптерді, толқулар мен дабылдарды жояды.

Еркектер мен әйелдерде бедеуліктің жиі себебі болып табылатын жыныс жолымен берілетін инфекцияларлдың алдын алу қажет. Презервативті қолдану инфекцияларды жұқтырудан және жоспарсыз жүктіліктен сақтайды.

Контрацепцияны қолдану Сіздің денсаулығыңызды сақтауға және дені сау балаларды дүниеге әкелуге көмектеседі!