Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Тақырып: Хоспис ашу, жол карталарын орындау, тәлімгерлік мәселелері. Басқарманың жұмыс мәжілісінде тағы не талқыланды?

Кеше Басқарма басшысы Сәуле Кисикованың төрағалық етуімен медициналық ұйымның бірінші басшыларымен кезекті жұмыс жиналысы өтті.

Жиналысқа 8 айдағы қаланың медициналық ұйымдары қызметінің нәтижелері, оның ішінде «2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу, босандыру кезінде және балаларға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын бағалаудың индикаторларын орындау нәтижелері талқыланды.

Сондай-ақ жеделділіктің 4 санаты бойынша шұғыл көмек көрсетуді талдау, денсаулық сақтау саласын цифрландыру жүргізілді, жас мамандарды әлеуметтік қолдау бойынша қабылданған шаралар айтылды, бекіту науқанына қатысты мәселелер талқыланды.

Жиналыс барысында мед.көмек көрсетудің ықпалдастырылған үлгісі бойынша жол картасының үйлестірушілері индикаторларды орындау жөнінде баяндады. Осылайша, барлық деңгейдегі кешенді шараларды көрсетудің арқасында жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан өлім-жітім 12,5 пайызға, қатерлі ісіктен өлім 11,8 паызға төмендегені байқалады. Инсульттен госпитальдық қайтыс болу жағдайларын азайту көрсеткіштері  9,4 пайызға төмендеді.

Бүгінде елордалық клиникаларда 13 653 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 4887 дәрігер, 8766 орта медициналық персонал.  Кадрлар жетіспеушілігі де, сөзсіз, бар. Осы мәселені шешу мақсатында қызметтік тұрғын үй беру, балабақшаға квота беру түрінде жас мамандарға әлеуметтік пакет беру мәселесі қаралуда.

Сонымен қоса, учаскелік қызметтің медициналық қызметкерлері (әсіресе зиянды жағдайларда (туберкулезге қарсы қызмет, наркологтар, психиатрлар, педатрлар, хирургтер) жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін) үшін тегін жолақы билеттерін беру, спортпен және сауықтырумен айналысу үшін жеңілдіктер қаралуда.

Сондай-ақ, жиналыста шұғыл медициналық көмек және БМСК бригадаларын көбейту, ұйым жанынан шұғыл медициналық көмек бөлімшесінің амбулаториялық-емханалық буынын ашу  мәселелері қаралды.

Медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу және цифрландыруға қатысты Сәуле Дүйсебекқызы бірқатар нақты тапсырмалар берді, атап айтқанда МАЖ енгізу бойынша күнделікті мониторинг жүргізу, азаматтар арасында мобильдік қосымшаны белсенді насихаттау шараларын қабылдау болды.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың барлық бас дәрігерлеріне Басқарма басшысы кадр мәселелерін шешуді, мед қызметкерлерді оқытуға, біліктілігін арттыруға жіберуді, мембағдарламалардың мақсатты индикаторларына қол жеткізуді жақсарту шараларын қабылдауды бақылауға алуды тапсырды.