Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Сандық технологиялар денсаулық сақтау саласына белсенді енгізілуде

10 мыңға жуық медицина қызметкері медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуді үйреніп, компьютерлік сауаттылығын арттырды.  1 млн медициналық құжат цифрландырылды, соның арқасында әр тұрғынның электронды денсаулық паспорты бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Халықтың денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сауаттылығын арттыру үшін барлық  емханаларда ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасында жұмыс істеуді үйрететін цифрлық бекеттер құрылды. Онда тұрғындар дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу немесе оны үйге шақыру, зертханалық зерттеулердің нәтижесімен танысуды үйренді.

“Дамумед” мобильді қосымшасын біздің емхананың 19275 пациенті пайдаланады. Пациенттер үшін артықшылықтары үйде отырып онлайн режимде қабылдауға жазыла алады, дәрігерлердің жұмыс кестесі туралы ақпарат алу, талдау нәтижелерін алу, біздің мамандарға сұрақтар қоя алады», –  дейді №9 қалалық емхананың директорының орынбасары Гүлнәр Төлебаева. Мобильді қосымша арқылы біз халықты скринингке шақырамыз, емханада өткізілетін Ашық есік күні немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша бейінді мамандардың келуі, соның ішінде шетелдік мамандардың келуі туралы хабардар етеміз. Емханада WhatsApp чат іске қосылды, ол бойынша пациенттер өздерін қызықтыратын сұрақтармен хабарласа алады, чатта емхананың барлық мамандары тіркелген, – деп қосты Гүлнар Көптлеуқызы.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі алғаш рет «Астана – адалдық алаңы» жобасымен бірлесіп, денсаулық сақтау ұйымдары берген анықтамалардың заңдылығын тексеретін ақпараттық сервис әзірленді. Берілген әр медициналық анықтамаға (жұмысқа уақытша жарамсыздықты  растайтын қағаз,  083, 086, 094, 095 анықтамасы) QR-код енгізілген, оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады. Халықпен кері байланыс орнату үшін «Смарт Астана» мобильді қосымшасы арқылы онлайн-режимде науқастардың көрсетілген қызметке қанағаттану деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін ақпараттық сервис жасалды. Елорданың барлық медицина мекемелеріндегі дәрігерлердің есіктерінде QR-коды бар арнайы тақтайша бар. Кодты сканерлеп, дәрігердің этикасы бойынша пікір қалдыруға болады. Бұл шаралар халықпен кері байланысты жақсартып, қызмет көрсету сапасын арттырады. Медицина ұйымдарының техникалық дайындығы: 100% компьютер техникасымен жабдықталып, интернет желісіне қосылған. Нұр-Сұлтанның 93 медициналық ұйымының барлығы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек пен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек көрсету туралы келісім жасап, ҚР ДСМ мен «Сақтандыру»  ақпараттық жүйесімен  100% интеграцияланды.