Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Сақ бол — көктайғақ!

Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде  көктайғақ кезінде зардап шеккендер сынықтармен, соғылған жаралармен, созылған сіңірлері, буындарымен, жабық бас сүйек-ми зақымдарымен     травматологиялық пункттерге медициналық көмекке жүгінеді.  Қауіп жаяу жүргіншілерге де, әуесқой автомобильшілерге  де төнеді.

Ең алдымен қауіпсіздік!

Жаяу жүргіншінің тайғақ жолда жүруінің негізгі қағидаттары жан-жағына назар аудару және абайлықты сақтау болып табылады, бұдан басқа:

а) аяқ-киімді дұрыс таңдау   — тайғақ көшелерге шығар алдында бірінші және өте маңызды қадам. Аяқ киім табаны тегіс, тайғанамайтын материалдан жасалған, бұдырлы бет құлап қалу қатерлерін төмендетеді. Әйелдерге тік өкшелерден, 5 см биік тақалардан және биік платформалардан бас тарту қажет.

б) көктайғақпен жүрген кезде басқа істерге, мысалы телефонмен сөйлесуге, музыканы тыңдауға және т.б. алаңдамау қажет;

в) аяқ астына қарау, табанды нық төсеп басу қажет, бұл ретте аяқтар бос  және тізеден сәл бүгінлген болуы тиіс;

г) қолдарыңыз бос болуы тиіс, қолыңызды қалтада ұстамаңыз  — құлаған кезде сіз оларды тіпті алып шығуға үлгермей  қалуыңыз мүмкін;

д) сатылар бойымен жүрген кезде, қалалық автокөлік аялдамаларында, дүкендерге, үйлердің кіреберістеріне және кеңселерге кірген кезде аса абай болыңыз, өйткені дәл осы жерлерде мұзға тайғанап құлау жиілігі жоғары;

е) көшеге шығар алдында маршрутты алдын ала мұқият ойластыру, сондай-ақ  ғимараттардың төбелері бойымен, балкондар астында өтетін жолдарды айналып өту ұсынылады, өйткені бұл кезеңде сүңгілер құлау ықтималдығы ұлғаяды.

Автокөлік жүргізушілерінен де көктайғақ абай болуды, төмен жылдамдықпен жүруді талап етеді.  Әуесқой автомобильшілерге қашықтықты сақтау ұсынылады, өйткені көктайғақ жағдайында тежеу жолы үш есе ұлғаяды! Ұсынылатын қашықтық – екіге көбейтілген автомобиль жылдамдығы.

            Құлаудан құтыла алмағанда не істеу керек? Егер сіз бойыңызды билей алмайтыныңызды сезсеңіз:

а) күрт жүрелеп отыра қалыңыз, бұл жағдайда құлау биіктігі төмен болады, демек жарақат алу ықтималдығы да төмендейді;

б) шынтақ буындарын бүйірлеріңізге басыңыз, басыңызды иықтарыңызға тартыңыз, ал арқаңызды жазыңыз;

в) бұлшықеттерді барынша босатып, бүйірлеп құлауға тырысыңыз;

г) құлаған кезде қолдарыңызды алға қарай созбаңыз.

Бастапқы дәрігерге дейінгі көмек

Егер сіз жаяу жүргіншінің мұзда тайғанап құлауының куәгері болсаңыз  — жедел жәрдемді шақырыңыз, немесе зардап шегушіні жақындағы травматологиялық пунктке жеткізіңіз. ЖКО кезінде жедел жәрдем келгенше зардап шегушіні тасымалдауға үзілді-кесілді тыйым салынады!

Егер қол-аяқ жарақаттанған болса – оның қозғалмайтындығын қамтамасыз етіңіз, суықты басыңыз.

 

Көктайғақ жағдайында қарапайым қауіпсіздік қағидаттарын білу және оларды сақтау өте маңызды.

 

Қыс жұмсақ болсын! Аман-сау болыңыздар!

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы