"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ

Скринингтік тексерілу



 Халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеру жүргізу кезеңділігінің алгоритмдері

  1. Жалпы ережелер
  2. Ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексеру жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
    1) дайындық – нысаналы топтарды қалыптастыру, ақпараттық сүйемелдеу, скринингке шақыру.
    Дайындық кезеңде медициналық пункттің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, ауылдық, аудандық, қалалық емхананың (бұдан әрі – БМСК ұйымдары) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігерге дейінгі кабинетінің профилактикалық іс-шараларға жауапты орта медицина қызметкері, мектепке дейінгі мекеменің, білім беру ұйымдарының орта медицина қызметкері жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:
    ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін алда тұрған скринингтік тексерулерге жататын нысаналы топтың жыл сайынғы тізімін құру;
    ересектердің нысаналы топтарын, нысаналы топтағы балалардың ата-аналарын скринингтік тексерулерді өтудің қажеттілігі және шарттары туралы хабардар ету;
    халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеруге шақыру;
    ұйымдастырылған мектепке дейінгі балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерін скринингтік тексерулер жүргізу үшін БМСК аумақтық ұйымдары мамандарының мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарының аумағына шығуын ұйымдастыру;
    халықтың нысаналы топтарының скринингтік тексерулерді уақытылы өтуін қамтамасыз ету;
    2) скрининг жүргізу – баланың, амбулаториялық пациенттің (бұдан әрі – 025-08/е нысан), профилактикалық медициналық тексерудің (скрининг) статистикалық картасын (бұдан әрі – 025-08/е нысан), толтыру, скрининг-тест, зертханалық және аспаптық зерттеулер, мамандардың консультацияларын өткізу.
    Балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексерулер жүргізуді мектепке дейінгі, білім беру ұйымдарының орта медицина қызметкері, педиатр дәрігер, отбасы дәрігері, БМСК ұйымының жалпы практика дәрігері; маман дәрігерлер, педагог-психолог жүзеге асырады.
    Ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексерулер жүргізуді учаскелік дәрігер/жалпы практика дәрігері (бұдан әрі – БМСК дәрігері), БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігерге дейінгі кабинетінің дәрігері мен орта медицина қызметкері және БМСК дәрігерінің/БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі дәрігерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандар жүзеге асырады;
    3) қорытынды – анықталған патологиясы бар тұлғаларды толық тексеру және диспансерлік есепке алу, есепке алу-есеп беру статистикалық құжаттарын ресімдеуді аяқтау.
    Бұл кезеңде БМСК/БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі дәрігері профилактикалық медициналық скринингтің статистикалық нысанына халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексерулердің нәтижелерін қауіп (мінез-құлықтық, биологиялық) факторларын, қорытынды диагнозды көрсете отырып, енгізеді, толық емделуге, бақылауға ұсынымдар береді. Қорытынды диагнозды алғаннан кейін нысан толтырылды деп есептеледі және скринингтік тексерулердің деректерін электрондық базаға енгізу үшін медициналық статистика кабинетіне (маманына) беріледі.
    2. Скринингтік тексерулердің нәтижелері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына, баланың даму тарихына енгізіледі. Ұйымдастырылған балаларды скринингтік тексерулердің нәтижелері денсаулық паспортына енгізіледі.
    3. Скринингтік тексерулердің нәтижелері бар адамдардың тегі көрсетілген тізім:
    1) одан арғы динамикалық бақылау үшін БМСК дәрігеріне;
    2) ақпараттық-білім беру жұмысын жүргізу және ауру қаупі факторлары бар тұлғаларды және науқастарды профилактика, салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне оқыту үшін салауатты өмір салты кабинетіне, бейінді денсаулық мектебіне жіберіледі.
    4. БМСК ұйымының/БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) орта медицина қызметкері жүргізілген скринингтік тексерулердің нәтижелері бойынша:
    скринингтік тексеруге шақырылған, скринингтік тексерулерден өткен, толық тексерілуге жіберілген нысаналы топтағы пациенттердің тізімін салыстырады;
    скринингтік тексерулер жүргізуге тартылған мүдделі денсаулық сақтау ұйымдарымен байланыс пен сабақтастықты жүзеге асырады;
    дәрігердің ұсынымы бойынша пациентті толық тексерілу үшін шақырады.
    5. Скринингтік тексерулердің барысында анықталған, алғаш қойылған диагнозымен барлық пациенттер диспансерлеу және динамикалық бақылау үшін БМСК дәрігеріне жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектерді скринингтік тексерулер жүргізу кезеңділігінің алгоритмі

 

          Қанайналым жүйесі ауруларының (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) және қант диабетінің скринингтік тексерулер жүргізу кезеңділігінің алгоритмі:
1) 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы ерлер мен әйелдер нысаналы топ болып табылады, 40-тан 64 жасқа дейінгілер – артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұрмайтындар – 2 жылда 1 рет;
2) скринингтік тексерулерді жүргізу сатысы екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезеңді БМСК ұйымдарының/ БМСК ұйымдарының профилактик және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) орта медицина қызметкері жүргізеді, барлық нысаналы топтар үшін міндетті болып табылады және мыналарды қамтиды:
025-08/е нысанын толтыру;
антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белдің көлемі), Кетле индексін есептеу;
скрининг-тест бойынша сұрату жүргізу;
АҚ еселік өлшеу, бұл ретте пациентке АҚ өлшерден бұрын 1 сағат бойы зерттер алдында кофе және қызыл шай ішуге болмайтындығы, 30 минут темекі шекпеуі керектігі, симпатомиметиктер, оның ішінде мұрынға және көзге тамызатын тамшыларды қабылдамау керектігі хабарланады;
жалпы холестерин мен қан глюкозасының экспресс-диагностикасын (мұндай жабдықтар болмаған жағдайда пациенттің биоматериалы (қан) БМСК осы ұйымының зертханасына жіберіледі);
екінші кезең айғақтары болған жағдайда таңдалып жүргізіледі (электрокардиографиялық зерттеулер жүргізу (бұдан әрі – ЭКГ), бейінді маманның тексеруі);
3) БМСК/БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігері:
аурулардың қауіп факторы болмаған жағдайда осы Ережеге қосымшаға сәйкес кейіннен скринингтік тексеру жүргізуді ұсынады;
екі және одан да көп қауіп факторы анықталған жағдайда (темекі шегу, алкогольді шектен тыс тұтыну, индекс Кетле индексі 25-тен жоғары болғанда, ерлер белінің көлемі 94 см астам, әйелдердікі – 80 астам см), систологиялық деңгейде АҚ 140 мм с.б. немесе диастолиялық АҚ 90 мм с.б. деңгейінде және одан артық болғанда, скрининг-тестке (025-08/е нысанның 17-20-тармақтары) оң жауаптар болған жағдайда пациентті ЭКГ және қажет болған жағдайда бейінді мамандардың (кардиолог, эндокринолог) консультацияларына жібереді;
4) ауылдық, аудандық, қалалық емханалардың немесе консультациялық-диагностикалық орталықтың/емхананың консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінің кардиологы, эндокринологы:
толық тексеру жүргізеді, қажет болған жағдайда мамандандырылған (кардиологиялық, эндокринологиялық) орталыққа/диспансерге жібереді;
тексеру нәтижелерін және пациентті одан әрі бақылау жөніндегі ұсынымды профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігеріне, ол болмаған жағдайда, қызмет көрсететін пациентті учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жібереді.
 Глаукоманы ерте анықтауға скринингтік тексерулер жүргізу алгоритмі:
1) глаукома бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер нысаналы топтары болып табылады;
2) БМСК ұйымдарының /БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері:
025-08/е нысанды толтырады;
скрининг-тест бойынша сауалнамалар жүргізеді;
Маклаков бойынша немесе жанаспайтын тонометрді пайдалана отырып көзішілік қысымды өлшейді;
3) скрининг-тестке ( 025-08/е нысанның 23-26-тармақтары) оң жауаптар және/немесе жоғары көзішілік қысым  болған жағдайда (Маклаков бойынша  тонометрде 26 мм с.б. жоғары болса және жанаспайтын тонометрде 22 мм с.б. жоғары болса) пациентті ауылдық, аудандық, қалалық емханалардың немесе консультациялық-диагностикалық орталықтық/емхананың офтальмологына жібереді;
4) ауылдық, аудандық, қалалық емханалардың немесе консультациялық-диагностикалық орталықтық/емхананың офтальмологы:
толық тексеру жүргізеді, қажет болған жағдайда глаукома кабинетіне жібереді;
тексеру нәтижелерін және пациентті одан әрі бақылау жөніндегі ұсынымды профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігеріне, ол болмаған жағдайда, қызмет көрсететін пациентті учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жібереді.
          Сүтбезінің ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг жүргізу алгоритмі:

1) сүтбезі обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер нысаналы топтары болып табылады;
2) БМСК ұйымдарының /БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері:
025-08/е нысанды толтырады;
антропометриялық өлшеулер жүргізеді (салмағы, бойы, бел аумағы), Кетле индексін есептейді;
скрининг-тест бойынша сауалнамалар жүргізеді (025-08/е нысанның 14-16-тармақтары);
аудандық, қалалық емханаларға маммографияға жібереді.
3) қос сүтбезінің маммографиясы 2 проекцияда жүргізіледі – қалалық, аудандық емханалардың маммографиялық кабинетінде түзу және қисық (жылжымалы медициналық кешен);
4) маммографиялық кабинеттің рентгензертханашысы скринингтік маммографиялық тексеру нысаны мен нысаналы топтардың маммографиялық тексеру журналын толтырады;
5) қалалық, аудандық емханалардың маммографиялық кабинетінде (жылжымалы медициналық кешен) рентгенолог дәрігер BI-RADS жіктемесі бойынша нәтижелерін талқылай отырып, маммограммаларды «бастапқы оқуды» жүргізеді, осы Алгоритмге қосымшаға сәйкес «қайта оқуға» жолдаманы тотырады. Көрсетілген жолдаманың маммограммаларын рентгенолог дәрігердің «бастапқы оқуының» қорытындысы бар қиынды талон (20-тармақ) амбулаторлық пациенттің медициналық картасына жабыстырылады;
6) нәтижесіне қарамастан барлық маммограммалар онкологиялық диспансерге, оның ішінде телемедициналық байланыс арқылы «қайта оқуға» жіберіледі. Емханалардан онкологиялық диспансерге маммограммаларды беру онкологиялық диспансердің маммографиялық кабинетінің медициналық тіркеушісінің (мұрағатшы) қолы қойылған ілеспелі құжат арқылы жүргізіледі. Барлық маммограммалар аудандық емхананың, онкологиялық диспансердің маммографиялық мұрағатында мұрағатталады. Скрининг шеңберінде жасалған маммограммалар пациентке берілмейді;

7) маммографияның нәтижесін алу кезінде БМСК ұйымдарының /БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері:
М1 (патологиясыз) – пациентке келесі маммографиялық тексеруді 2 жылдан кейін жүргізуді ұсынады;
– М2, М3 (сүтбезі қатерсіз ісігі, қатерсіз ісікке басым мәліметтер) – пациент ауылдық, аудандық, қалалық емханалардың немесе консультациялық-диагностикалық орталықтық/емхананың емхананың онкологына, маммологына емдеу және динамикалық немесе диспансерлік бақылау үшін жіберіледі;
М6 (сүтбезі обыры, патоморфологиялық верификацияланған) – пациент емхананың онколог, маммолог дәрігеріне емдеу және динамикалық немесе диспансерлік бақылау үшін жіберіледі;
8) тексеру нәтижелері және пациентті одан әрі бақылау жөніндегі ұсынымды учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жіберіледі.
9. Ісік алды ауруларын және жатыр мойнын ерте анықтауға скрининг жүргізу алгоритмі:
1) жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер нысаналы топтары болып табылады;
2) БМСК ұйымдарының /БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері:
скринингтік тексерудің дайындық сатысында пациентке скринингтен өтуге қойылатын талаптар туралы хабарлайды: бір тәулік бұрын жыныстық қатынас, шайыну, ванна, тампондарды және басқаларын қоса алғанда қыныптық манипуляциялар жасамау;

025-08/е нысанды толтырады;
антропометриялық өлшеулер жүргізеді (салмағы, бойы, бел аумағы), Кетле индексін есептейді;
скрининг-тест бойынша сауалнамалар жүргізеді (025-08/е нысанның 14-16, 29-тармақтары);
БМСК ұйымдарының тексеру кабинетіне жібереді;
3) БМСК ұйымдарының тексеру кабинетінің орта медицина қызметкері:
айнада жатыр мойнын қарайды;
цитологиялық зерттеуге жағындыларды дәстүрлі әдіспен (Рар-тест) немесе сұйықтық цитологиялық әдіспен (бір контейнер) алуды жүзеге асырады;
бекітілген үлгіні цитологиялық зерттеуге арналған жолдаманы толтырады және биоматериалды онкологиялық диспансердің цитологиялық зертханасына жібереді;
жатыр мойнында көзге көрінетін өзгерістер болған жағдайда пациент екінші кезеңге-акушер-гинекологқа, кольпоскопияға, биопсия алуға жіберіледі;
онкологиялық диспансердің цитологиялық зертханасынан Рар-тесттің нәтижелерін алуға бақылауды жүзеге асырады;
Рар-тесттің нәтижелерін алғаннан кейін 025-08/е нысанды толтырып, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігеріне, ол болмаған жағдайда, қызмет көрсететін пациентті учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жібереді;
4) БМСК дәрігері /БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігері Рар-тесттің нәтижелерін Бетезда ТСБ жүйесі, 2001 бойынша алу кезінде:
«бағалау үшін қанағаттанарлықсыз», «Үлгі қабылданбады/зерттелмеді», «Үлгі қаралды және бағаланды, бірақ эпителилік патологияларды бағалау үшін мәліметтер жеткіліксіз» деген жауаптар алынған кезде пациент цитологиялық скринингке қайтадан шақырылады;
«Интраэпителиалдық зақымдану немесе қатерлі ісік жоқ» (яғни, норма) деген ТСБ бойынша I санат пациенттің келесі цитологиялық скринингті 5 жылдан кейін өтуі ұсынады;
II санат «Микроорганизмдер», III «Эпителилік жасушалардың басқада өзгерістері (жасушаның реактивтік өзгерістері, гистерэктомиядан кейінгі бездік жасушалар, атрофия)», IV «Эпителилік жасушалардың атипиясы (ASC, ASC-US, ASC-H, LSIL)» (HSIL, CIS, жалпақ жасушалы обырдан басқасы (жатыр мойнының инвазивтік обыры), V «Басқалары (40 жастан асқан әйелдердегі эндометриялық жасушалар)» пациентке ТСБ бойынша аудандық, қалалық емханалардың гинеколог-дәрігері толық тексерілуді, емделуді және динамикалық бақылауда болуды ұсынады;
ТСБ бойынша IV санат – «HSIL, CIS, жалпақжасушалы обыр (жатыр мойнының инвазивтік обыры)» бойынша пациент емделу және диспансерлік бақылау үшін онкологиялық диспансерге жіберіледі;

025-08/е нысанына нәтижелерді енгізеді.
Амбулаториялық науқастың медициналық картасына цитологиялық зерттеу нәтижесінің бланкі жапсырылады.
10. Жуан және тік ішектердің ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг жүргізу алгоритмі:
1) жуан және тік ішектердің полипозы, обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер нысаналы топтары болып табылады;
2) БМСК ұйымдарының /БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері:
скринингтік тексерудің дайындық сатысында пациентке скринингтен өтуге қойылатын талаптар туралы хабарлайды: етеккір кезеңінде, қанталаған геморройда, несепте немесе дефекация кезіндегі айтарлықтар күшенуден кейін қан болғанда зерттеулер жүргізбеген жөн;

025-08/е нысанды толтырады;
скрининг-тест бойынша сауалнамалар жүргізеді (025-08/е нысанның 27, 28-тармақтары);
– БМСК ұйымдарының тексеру кабинетіне жібереді;
гемокульт-тестті жүргізеді және оның нәтижесін (теріс, оң) бағалайды;
3) БМСК/БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігері:
тесттің теріс нәтижесінде (нәжісте жасырын қан болмаса) пациентке 2 жылдан кейін гемокульт-тестте тексерілуден өту ұсынылады;
тестің оң нәтижесінде (нәжісте жасырын қан анықталса) при пациентке екінші кезеңде одан әрі тексерілу үшін аудандық, қалалық емханалардың хирургіне/ проктолгіне жіберіледі;
пациентке зерттеу күні міндетті тазарту клизмаларын жүргізу туралы хабарлайды;

4) аудандық, қалалық емханалардың хирургі/ проктолгі:
айғақтары болған жағдайда (ісікті анықтағанда немесе күдіктенгенде) зерттеу нәтижесі бойынша ісіктердің орнын анықтыру және гистологиялық верификациялау үшін фиброколоноскопияға жібереді;
биопсияны гистологиялық зерттеудің негізінде қойылған, анықталған колоректальдық обырмен ауыратын тұлғаларды емдеу және диспансерлік есепке алу үшін онкологиялық диспансерге жібереді;
жуан және тік ішектердің облигаттық және факультативтік обыралды аурулары анықталған жағдайда пациентті колопроктологке немесе гастроэнтерологке емдеуге және бақылауға жібереді;
қандайда бір өзгерістер болмаған жағдайда оң гемокульт-тесттің себептерін анықтау үшін толық тексерілуге жібереді;
БМСК дәрігеріне/БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігеріне зерттеудің соңғы нәтижелерін жібереді.

 

 

Басшылық

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ҚР Тұңғыш Президенті
Алтай Сейдірұлы Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Мұратов Тимур Мұратұлы
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы

Пайдалы бөлімдер

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің қаланы абаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай байланыс орталығы