Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

СМИ О НАС

________________________________________________________________________

01.03.2021

Елордалық мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды

Бүгін елордада мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

________________________________________________________________________

10.02.2021

Елордада вакцина салдырғандар арасында шағымданғандар жоқ

Елордада мыңға жуық медицина қызметкері вакцина қабылдап үлгерді. Екпе егу қаладағы 5 емханада жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта тағы 36 медициналық ұйымда санитарлық нормаларға сай ем-шара бөлмелері ашылады. Ал вакцина салдырған медицина мамандары жағдайымыз жақсы, шағымымыз жоқ дейді.

________________________________________________________________________

09.02.2021

КВИ-ге қарсы екпе салдырған мейірбике: Өзімді жақсы сезінемін

Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация науқаны басталған белгілі. Алғашқы кезеңде негізінен медицина қызметкерлеріне екпе жүргізіліп жатыр. Соның бірі – елордадағы №15 қалалық емхананың мобильді бригадасының мейірбикесі Анар Әшімова екпе алған 1 аптадан кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

________________________________________________________________________

08.02.2021

Елордада КВИ-ға қарсы екпе салатын 36 пункт ұйымдастырылды

МСАК-тың (медициналық-санитариялық алғашқы көмек) 36 ұйымында барлығы 36 егу кабинеті жұмыс істейді, онда COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

________________________________________________________________________

04.02.2021

Қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеді – Тимур Мұратұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратұлы «Қатерлі ісікке қарсы күрес күніне» қатысты өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында айтты.

________________________________________________________________________

04.02.2021

Қатерлі ісікке қарсы күрес күні: Астаналықтар тегін кеңес алып, тексеруден өтті

Бүгін халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Айтулы күн аясында елорда тұрғындары үшін «Ашық есік» шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

________________________________________________________________________

02.02.2021

Нұр-Сұлтанда 140-тан астам медицина қызметкері КВИ-ға қарсы екпе алды

Елордада 145 медициналық қызметкер коронавиурстық инфекцияға қарсы вакциналанды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz

________________________________________________________________________

01.02.2021

Вакцина алған адамға үш күннің ішінде алкогольді ішімдік ішуге ыстық жерде болуға, буға түсуге және суық тигізуге болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін не істеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

________________________________________________________________________

04.11.2020 Жедел жәрдемге күніне 1500 қоңырау түседі. Елордада эпидахуал нашарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Муратовтың айтуынша, бүгінде елордада төсек-орын сыйымдылығы 1020 бірлікті құрайтын жеті аурухана бар. Коронавирус инфекциясымен 85 және пневмониямен жатқан 29 науқас бар. Жедел жәрдем қызметі күніне 1561 қоңырау қабылдайды. Оның ішінде орта есеппен 14 жағдай КВИ бойынша шақырады.

________________________________________________________________________

03.11.2020 Жаңа жабдықтар жеткізілді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бірқатар медициналық мекемелерге барып, күзгі маусымдық жұқпалы респираторлық вирустық инфекция мен тұмаудың өсуін ескеріп, ұйымдардың індеттің екінші толқынына дайындығын тексерді. Сапар барысында әкімнің орынбасары рентген аппараттары орнатылған сүзгі және рентген кабинеттерінің жұмысымен танысты. Елордада COVID-19 ауруының өсуі тіркеліп отыр­ғандықтан жауапты тұлғалар қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, маска тағуға және қашықтықты сақтауға шақырады. Бұған дейін медициналық мекемелерге мыңнан астам оттегі концентраторы, 500 көпфункционалды арнайы төсек-орын, мыңнан астам флоуметр, 1600-ге жуық оттегі нүктелері және т. б. орнатылды.

________________________________________________________________________

21.10.2020 COVID-19: өзіңді және басқаларды індеттен қорға! Коронавирус індетін алдын-алу үшін сақтық шараларын сақтау әлдеқайда маңызды. Алайда, тиісті әрекеттер халық арасында ұмытыла бастады. Бұл роликте Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық гигиена ережелерін тағы бір мәрте еске салады

________________________________________________________________________

21.09.2020 Нұр-Сұлтанның медициналық мекемелері COVID-19 емдеуде қолданылатын жабдықтармен толықты Елорданың медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерімен және  пульсоксиметрлер, ӨЖЖ аппараттары және оттегі концентраторлары сияқты қажетті құралдармен толықты,  деп хабарлайды Елорда Инфо.

________________________________________________________________________

21.09.2020 Елордалық дәрігерлер ауыр жарақат алған баланы өлім аузынан құтқарды 2015 жылғы қыз бала Нұр-Сұлтан қаласының №2 Көпбейінді балалар ауруханасындағы жедел хирургияның жедел жәрдем бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Бала дереу аппаратқа қосылды, жамбас мүшелерінің жарақаттарына шұғыл ота жасалды. Мамандардың келісілген іс-әрекеттерінің арқасында бала аман қалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

________________________________________________________________________

18.09.2020 Иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет? НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық №1 емхананың учаскелік терапевт дәрігері Шолпан Оразалы иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет екенін айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

________________________________________________________________________

18.09.2020 Елордада COVID-19 қайта өршісе, «103» қызметінің жұмысы қандай болмақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустық инфекцияның өршуі қайталанған жағдайда «103» қызметіне түсетін жүктемені азайту бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. Осылайша, «103» диспетчерлік пульттерінің саны 14-тен 30-ға дейін ұлғайтылды. Қажет болған жағдайда қоңырауларға қызмет көрсететін жедел жәрдем бригадаларының саны БМСК ұйымдарында 70 бригадаға, жедел жәрдем станциясының деңгейінде 90 бригадаға дейін артады.

________________________________________________________________________

17.09.2020 Тұмауға қарсы вакцинаны қай санаттағы адамдарға алуға болмайды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов тұмауға қарсы вакцинаны қай санаттағы адамдарға алуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

________________________________________________________________________

16.09.2020 Екінші толқынға даярланып жатыр Қаладағы медициналық ұйымдар коронавирус пен пневмонияны емдеуге қажет қосымша жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бүгінде ел астана­сындағы эпидемиялық жағдай тұрақ­ты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық ден­саулық сақтау басқармасы күз бен қысқы кезеңде COVID-19-дың алдын алу және емдеу бойынша іс-шаралар жоспарын дайындап бекітті.

________________________________________________________________________

16.09.2020 Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. Әкімдік мәліметінше, елордада екпе салу қараша айының басына дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов емханаға барып, тұмауға қарсы екпе салдырды. Басқармасы басшысы екпенің маусымдық аурулардың өршуі кезіндегі маңыздылығын да атап өтті.

________________________________________________________________________

10.09.2020 ЗАГОЛОВОК: Нұр-Сұлтанда мобильді бригадалардың жұмысы күшейтілді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Covid-19 індетіне, сонымен қоса тұмау және ЖРВИ сияқты маусымдық аурулар санының көбеюін ескере отырып, дайындық жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, бүгінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күзгі-қысқы кезеңде COVID-19-дың алдын алу және емдеу бойынша іс-шаралар жоспарын қалалық әкімдікпен дайындап, бүгінде бекітті.

________________________________________________________________________

07.09.2020 ЗАГОЛОВОК: Елордада тұмауға қарсы екпе салу басталды Биыл тұмау коронавируспен асқынуы мүмкін, осыған байланысты дәрігерлер алдын ала денсаулыққа мән беру қажеттігін ескертеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды, – деп жазады Egemen.kz Елорда тұрғындары тұмауға қарсы екпе ала алады. Ол үшін пациент өзі тіркелген емханаға жүгінуі керек. Препарат кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді.

________________________________________________________________________

25.08.2020 Қиын сәттерде сүрінбейді Елде індет шарықтау шегіне жеткен мау­сым айында коронавируспен күрестің қақ ортасына жіберілген дәрігерлердің бірі – қоғамдық денсаулық сақтау магистранты Балнұр Жанарбек. Ол 5 жылдан бері елордада қалалық №8 емхананының алдын-алу және психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде еңбек етіп келеді.

________________________________________________________________________

24.08.2020 Елордадағы ауруханаға күйікке қарсы жаңа аппарат орнатылды Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Көпбейінді қалалық ауруханасында күйікке қарсы жаңа аппарат орнатылды, -деп хабарлайды Taunews.kz. Жаңа аппараттың демеушісі «EurasianResourcesGroup» компаниясы. Қазірше күйік шалған науқастарды емдеу үшін жалғыз мамандандырылған бөлімше осы қалалық ауруханада ғана бар. №1 көпбейінді қалалық аурухана директоры Марат Абдуов көрсетілген демеушілік көмек үшін алғысын айтып, бұндай кешеннің пациенттер үшін тигізер көмегін атап өтті.

________________________________________________________________________

24.08.2020 Дәстүрлі шара жалғасын тапты Биыл да елордада көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және мүмкіндігі шектеулі ұл балалардың мұсылмандық парызын өтеуге арналған «Сүндет-2020» шарасы өткізілді. 21-22 тамызда өткен шара барысында мамандар 100 баланы тегін қызметпен қамтыды. Мұсылман әдет-ғұрпын елордалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың өзі бастап берді. Ең алғаш болып ол 3 жасар Аңсар есімді астаналық баланы сүндетке отырғызды. Хирургиялық рәсімнен кейін Аңсардың ата-анасын ұлдарының нағыз ержігіт болуымен құттықтады.

________________________________________________________________________

21.08.2020 Елордалық фельдшерлер адамды өлім аузынан алып қалды 16 тамыз күні кешкі сағат 10-да «103» пультіне шұғыл қоңырау түсті. 81 жастағы қария бас ауруы мен дене қысымының 180-ге көтерілгеніне байланысты шағымданады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. Алайда қоңырау түскен мекенжайға келген Ілияс Оңғарбаев пен Аубакир Айдана есімді фельдшерлер қарияның сол аяқ-қолы қимылсыздығы және беттің қисаюына әкеп соққан ауыз бұрышының әрекетсіздігін байқады. Науқасты шұғыл түрде ауруханаға апару тиіс екені бірден белгілі болды.

________________________________________________________________________

18.08.2020 Елорданың көпбейінді №1 ауруханасы штаттық жұмысына кірісті Нұр-Сұлтан қалалық көпбейінді №1 ауруханасы штаттық жұмыс режиміне көшті. Өйткені, бүгін осы ауруханада ашылған стационардан коронавирус індетін жұқтырған соңғы пациент емделіп шыққан еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін өкпенің екіжақты қабынуымен түскен соңғы пациент жазылып шықты. Өзін жақсы сезінеді. Тәулік бойы қызмет көрсеткен қызметкерлерімізге және ұжымымызға ризашылығын білдіріп отыр. Жүктеме өте үлкен болды. Соған қарамастан, барлығы да жұдырықтай жұмылған ұжым бола білді. Бүгіннен бастап стационарымыз штаттық режимде жұмыс істеуге көшті. Стационардың барлық қызметкері алдын ала тексеруден (коронавирусқа тест – ред) өтті. Бақытымызға орай, нәтижелері теріс болып шықты», – деді аталған аурухана бас директорының міндетін атқарушы Марат Әбдуов.

________________________________________________________________________

18.08.2020 Жылы шырай – жарты ем. Дәрігерлер алғысқа бөленді Қауіпті дерттің беті қайтты. Елдегі провизорлық орталықтардың дені жабылып жатыр. Бүгін елордадағы бірінші көп салалы қалалық ауруханадан вирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шығып, отбасына оралды. 53 жастағы ана медициналық мекемеге 4 тамызда екі жақты вирустық пневмония диагнозымен түскен болатын. Вирусқа төтеп бере алған Баян расымен қошеметке лайықты. Дәрігерлердің де еңбегі ерен. Осыдан тура 2 апта бұрын Баянның денсаулығы сыр беріп, дене қызуы көтерілген еді. Үй жағдайында амбулаторлы ем қабылдады. Бірақ жайсыздана берген соң стационарлық емге жүгінді. Қойылған диагнозы – екі жақты вирустық пневмония.

________________________________________________________________________

18.08.2020 COVID-19: Елордадағы №1 қалалық аурухана соңғы науқасты шығарып салды Елордадағы №1 қалалық ауруханада ашылған провизорлық бөлімнің дəрігерлері бүгін соңғы науқасты шығарып салды. Баян Субхангулова екіжақты вирустық пневмониямен 4 тамыз күні түскен. Екі апта ішінде дертінен құлан таза айыққан пациенттің ақ халаттыларға алғысы шексіз. Дегенмен, қазір қауіп түгел сейіле қойған жоқ. Елордадағы 7 стационарда вирус жұқтырған 301, пневмониямен ауырған 179 науқас ем алып жатыр.

________________________________________________________________________

В 83 раза снизилось количество вызовов по коронавирусу в Нур-Султане По информации акимата, опубликованной в Instagram , общее количество вызовов снизилось в 3 раза – с 3 тыс. до 1 тыс. в сутки. Количество больных с пневмонией в стационарах уменьшилось почти в 7 раз. Разорвать цепочку распространения инфекции, значительно снизить нагрузку на медорганизации и медработников удалось благодаря принятым карантинным мерам.

________________________________________________________________________

Количество госпитализированных пациентов снизилось более чем в 10 раз по сравнению с пиком пандемии НУР-СУЛТАН, 17 авг — Sputnik. Количество вызовов «скорой», связанных с коронавирусом, уменьшилось с 500 до 6 в сутки, а загруженность коечного фонда в больницах Нур-Султана уменьшилась с 99% до 17,2%. «Общее количество вызовов скорой медпомощи снизилось с 3 тысяч до 1 тысячи в сутки. Вызовы по вопросам коронавируса уменьшились с 500 до 6 в сутки», – цитирует официальный сайт акимата руководителя столичного управления здравоохранения Тимура Муратова. По его словам, со снижением заболеваемости коронавирусом и пневмонией в столице освобождаются стационары, задействованные для лечения пациентов. Количество госпитализированных за полтора месяца сократилось в 10 раз.

________________________________________________________________________

В столице загруженность больниц для лечения больных коронавирусом cнизилась с 99 до 17,2% НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – В Нур-Султане загруженность коечных мощностей для лечения больных коронавирусной инфекцией уменьшилась с 99% до 17,2%. Об этом сообщил в ходе онлайн-брифинга руководитель управления общественного здравоохранения города Нур-Султан Тимур Муратов, передает корреспондент МИА «Казинформ».

________________________________________________________________________

В семь раз уменьшилось количество пациентов с пневмонией в больницах Нур-Султана НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – Сегодня в стационарах города от коронавируса и пневмонии лечатся 343 человека, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на официальный сайт акимата.

________________________________________________________________________

Более чем в 80 раз снизилось количество вызовов по коронавирусу в Нур-Султане В Нур-Султане снизилось количество вызовов скорой медпомощи по вопросам COVID-19 с 500 до 6 в сутки (снижение в 83,3 раза), передает Tengrinews.kz со ссылкой на пресс-службу акимата. Общее количество вызовов снизилось в 3 раза – с 3 тысяч до 1 тысячи в сутки. Количество больных с пневмонией в стационарах уменьшилось почти в 7 раз. Как отметили в акимате, разорвать цепочку распространения инфекции, значительно снизить нагрузку на медорганизации и медработников удалось благодаря принятым карантинным мерам.

________________________________________________________________________

Аıtarym bar. COVID-19: тегін вакцинация COVID-19: тегін вакцинациясы туралы қалалық медициналық ұйымдар қызметкерлері кәсіби ой-пікірлерімен бөлісті