Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Елорда дәрігерлері сирек кездесетін дертке шалдыққан қызға ауыр оталардың бірін жасады

Елорда дәрігерлері сирек кездесетін дертке шалдыққан қызға ауыр оталардың бірін жасады

№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында сирек кездесетін ауруға шалдыққан 7 жасар қызға ота жасалды. 7 жасар Томиристе 2 патология, яғни Протея синдромы мен екі табанының алыптылығы, сондай-ақ ішектің тамырлы бұзылуы қатар үйлескен.

«Протея синдромы сирек туа біткен ауру болып табылады, ол терінің, сүйектердің, бұлшықеттердің, май тіндерінің, сондай-ақ қан мен лимфа тамырларының шамадан тыс өсуімен сипатталады. Бұл ауру өте сирек кездеседі және бүгінгі күні әлемде шамамен 200 осындай жағдай тіркелген. Баланың аяғының мөлшері үлкен, ол дене салмағы мен мөлшерінің жартысын құрайды, саусақ аймағында созылмалы остеомиелит ошақтары бар» – деді аурухананың ортопедия және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Ағабек Чинкибаев.

Дәрігердің айтуынша аяқ мөлшерінің ұлғаюйынан басқа, бала ішектің лимфоангиоматозымен ауырған. Ішектен жиі қан кету салдары ауыр анемияның дамуына ықпал етті, оны түзету үшін айына 2-3 рет қан құю қажет болды, үстіміздегі жылдың басында қыз жоспарлы түрде біздің аурухананың ортопедия және оңалту бөліміне жатқызылды.

№ 2 балалар ауруханасының хирургтері сәуір айында ішекке ота жасады, бұл қайталанатын қан кетуді тоқтатуға мүмкіндік берді. Осы операциядан бастап балаға жиі қан мен оның компоненттерін құю қажет етілмейді. Баланың хал-жағдайы жақсарды, салмақ қоса бастады.

«Осы аптада құрамында ортопедтер, хирургтар мен анестезиологтар бар мультитәртіптік топ сол аяғының табанына реконструктивті отаны сәтті жасап шықты. Емдеудің 2 кезеңі. Алдыңғы жылы аяқтарына да, ішекте де операциялардың тағы 3 кезеңін орындау жоспарлануда. Оң аяғына жасалған операциядан кейін баланың күші мен әлеуметтік осалдығы төмендейді» –деп түсіндірді Ағабек Чинкибаев.

 

Қыздың анасы ота жасауға қатысқан барлық дәрігерлерге үлкен алғысын білдіруде.