Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Суыққа аллергия

«Суыққа аллергия» деген шын мәнінде, нағыз аллергияға жатпайды. Бұл терінің қоршаған ортаның төмен температурасына терінің реакциясы, аллергиялық емес дерматит, түрі бойынша қалақайдан күйген күлбіреулерге ұқсас қатты қышитын, тегіс көтерілген бозғылт-қызғылт күлбіреулердің қызыл дақтардың пайда болуымен сипатталады.Осыдан екінші атауы «суықтан болған есекжем» пайда болған.

Бұл ауруға иммунитеті төмен және ағзадағы созылмалы инфекция ошақтары бар, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі мен ішкі мүшелерінің аурулары бар адамдар бейім келеді. Кейде ол тұқыммен берілуі мүмкін. Суыққа аллергияны жай жел соғумен шатастыруға болмайды, соңғысына құрғақ учаскелер және қатты қышу мен қызарусыз терінің түлеуі тән.

Суыққа болатын аллергияға бейімділікті өте қарапайым тест арқылы тексеруге болады: бірнеше минут бойы шынтақ буынына мұздың бір бөлігін салыңыз, егер бұл аймақта бөртпелер пайда болса: қызыл дақтар, қышитын күлбіреулер, онда шара қолдану керек. Міне, мынадай шаралар:

  1. дәрігердің кеңесіне жүгіну: бұл бірінші кезектегі шара, өйткені тек дәрігер ғана проблеманың бастапқы көзін диагностикалай алады және оның ілеспе белгілерін жою, тоқтату (жою / азайту) бойынша шараларды қолдана алады: терінің қышуы, жөтел, ентігу, бас ауруы және т.б.;
  2. мүмкін болса, салқын тигізуге жол бермеу, егер серуендеуге шықпау мүмкін болмаса, мерзімді түрде (әрбір 15-20 минут сайын) жылы орынжайда жылынуға тырысыңыз;
  3. ауа-райына сәйкес киіну: суық мезгілде: киім (әсіресе ішкі киім) табиғи матадан жасалуы керек, «қырыққабат» қағидасы бойынша киіну керек, міндетті түрде бас киім, шарф, биялай немесе қолғаптар киіңіз;
  4. денсаулықты міндетті түрде нығайту: шынығу, созылмалы инфекция ошақтарын жою (ауру тістері, пиелонефрит, тонзиллит, лямблиоз және т.б.), бауыр мен асқазан-ішек жолдарының басқа да ауруларын емдеу;
  5. көшеге шығар алдында алдын ала (20-30 минут бұрын) ол сіңіріліп үлгеруі үшін, міндетті түрде майлы крем жағу;
  6. егер суыққа аллергияның дамуына жол бермеу мүмкін болмаса, жылы душ қабылдау және жылы киіну қажет;
  7. дәрі-дәрмекті тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдау, өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз!

 

Сау болыңыз!

Нұр-Сұлтан қаласының  Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы