Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

«Сүндет 2019» акциясы

2019 жылғы 11-12 қазанда №2 қалалық балалар ауруханасының базасында «Сүндет 2019» акциясы аяқталды.  Көп балалы және әлеуметтік мұқтаж отбасылардың 3-7 жас аралығындағы 110 ұл бала  «Nur Otan» партиясының елордалық филиалының берген тізіміне сәйкес қайырымдылық негізде сүндетке отырғызылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Араб Әмірлігінің Елшілігі және «Ummet» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, сондай-ақ мешіт өкілдері де шақыртылды.

Мақсаты – көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету. Барлық балалар «Циркумцизия» (сүндетке отырғызу) медициналық қызметін өтеусіз негізде алды.

Акция аясында №2 қалалық балалар ауруханасының 10 балалар хирург дәрігерлері жұмылдырылды.

Балалар рәсімнен кейін назарсыз қалмады. Әр балаға ойыншықтар мен тәттілер берілді. Барлық ата-аналарға операциядан кейінгі балалар күтімі бойынша жадынамалар таратылды.