"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ

«Темекі шегуден бас тарту үшін тамаша күн!» – Дүниежүзілік темекі шегуден бас тарту күні 

  • 11/20/2019
  • Rustem Kaimolla

«Темекі шегуден бас тарту үшін тамаша күн!» – Дүниежүзілік темекі шегуден бас тарту күні

ДДСҰ деректеріне сәйкес жыл сайын әлемде темекі бұйымдарын тұтынушылар арасында 7 миллионға жуық өлім оқиғасы тіркеледі.  Елімізде қоғамдық орындарда темекі шегуді шектеу және темекі бұйымдарын маркетингтік жылжытуға қойылатын талаптар туралы заң табысты әрекет етуде.

Темекі бұйымдары кез келген түрде шегу – зиянды!  Темекі шегудің өзі жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, инфаркт/инсульт, тыныс алу жолдары,  асқазанның ойық жарасы, бедеулік, онкологиялық сырқаттар және басқа көптеген ауыр сырқаттардың  дамуы үшін  ерекше «трамплин» болып табылады.

Темекі шегу иммунитетті әлсіретеді  және жұқпалы ауруларды, соның ішінде өкпе туберкулезін жұқтыру қатерін арттырады.

Жалпы, темекі шегу организмге зор зиян келтіреді: темекі шекпейтін адамдармен салыстырғанда, темекі шегушілердің өмір ұзақтығы орта есеппен  6-8 жылға кем. Айтпақшы, темекі шекпейтін адамдарға қарағанда, темекі шегушілер арасында жас кезінде өлімге ұшырау оқиғалары   35-40% жоғары. Оның үстіне, Темекі шегуші тек өз денсаулығына ғана емес, айналадағылардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіреді. Темекіні  пассивті шегудің зияны  темекіні белсенді шегуден кем емес, ал кей кезде тіпті одан да көп.

Темекі шегуді тастап, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтайсыз, терең дем алуға үйренесіз  және өміріңізді уландыратын зиянды әдеттен құтыласыз.

Бүгін темекі шегуді тастау үшін тамаша күн. Аман-сау болыңыздар!

Нұр-Сұлтан қаласының  Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

 

Басшылық

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ҚР Тұңғыш Президенті
Алтай Сейдірұлы Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Мұратов Тимур Мұратұлы
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы

Пайдалы бөлімдер

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің қаланы абаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай байланыс орталығы