Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Тенис добы тәріздес: елордада кішкентай қыздың басына қиын отана сәтті жасады

Елордалық дәрігерлер бір жасар қыздың желке аймағында гемангиоматозды алып тастады.

Кішкентай Далида ауруханаға бастың артқы жағында кавернозды гемангиомасының үлкен  түсті. Алайда, бұл туа біткен індет емес. Туған кезде гемангиома кішкентай еді, мең секілді көзге көрінбейтін, дейді Далиданың анасы.

«Дәрігерлер түйіннің түсі мен мөлшерін бақылап жүріңіздер деген. Ісік тарайды деп ойладық, алайда өскен сайын қатты қорықтық», – деп толықтырды анасы Әсел.

Қыздың ата-аналары талдамаларды қанша рет тапсырғандарынан естерін жия алмаған кездер де болды. Ісіктің неден пайда болғанын ешкім нақты айтып бере алмады. Ал күндер өте ісік тенис добы көлеміне дейін жетті – қатты және домалақ.

«Бармаған жеріміз қалмады. Тіпті Ұлттық ана мен бала орталығына да жүгіндік, ол жерде де нақыт ешкім ештеңе айта алмады. Ота жасауға да қорыққан баламызға», – дейді Әсел анасы.

№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының мамандары жүгінгеннен кейін, ісікті тез арада алып тастау, ота жасау туралы дереу шешім қабылданды. Алайда, отаның қиын және қаупі жоғары екендігі туралы бірден ескертілді.

«Балада тамырлы ісік болған (желке аймағының кавернозды гемангиомасы). Операцияға дейінгі дайындықтан кейін балаға шүғыл түрде ота жасалды. Гемангиома алынды. Зақымданудың айтарлықтай үлкен қатерін ескере отырып, хирургиялық қан кету қаупі болды. Біз оны қиындықсыз алып тастадық. Барлығы жақсы өтті!», – дейді жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі Мингазов Ирек Тауфикұлы.

Қазір Далиданың жағдайы жақсы, емін-еркін ісіксіз өсіп келеді. Баланың туысқандары барша медициналық қызметкерлерге өз шексіз алғыстарын білдіреді, далиданың аман қалуы дәрігерлердің арқасында деп сенеді олар.