Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

«Халық алғысы» медалімен марапаттау

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен белгіленген «Халық алғысы» мемлекеттік сыйлығына елордалық 10 медициналық қызметкерлер ие болды.

Марапатты иелерін Басқарма басшысы Тимур Мұратұлы салтанатты түрде құттықтап, сыйлықтарды табыстады.

«Пандемия әрқайсымызға ауыр тиді. Күн-түн демей, отбасыларыңызбен қауышпай, індетпен алдыңғы қатарда күресте болған сіздер.Аянбай еткен еңбектеріңіз үшін рақмет! Осындай марапаттар көбейе берсін. Бұл барша қазақстандықтардың алғысы деп есептеңіздер», – деп құттықтады Тимур Мұратов.

«Халық алғысы» мемлекеттік сыйлығы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті еңбек етіп,  пандемияға қарсы күресте ерекше көзге түскен азаматтарды табыстау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленген еді.

Пандемияның өршуі кезеңінде қаланың 5 мыңнан астам медициналық қызметкерлері COVID-19-қа қарсы күреске тартылды. Елорда әкімдігінде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін Жедел штаб құрылды.