Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/18

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Элтон Джон ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі қорының өкілдерімен кездесу өтті

2019 жылғы 14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына ЖИТС-пен күрес жөніндегі Элтон Джон қайырымдылық қорының (Ұлыбритания) бағдарламалық менеджерлері Фридрих Конрад және Джейкоб Рашбас сапармен келді.

Кездесу барысында тараптар халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларын іске асырудағы өзара іс-қимыл және одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Элтон Джон қорының өкілдері AmanBol жобасы туралы, АИТВ-инфекциясына өзін-өзі тексерудің рөлі туралы айтты, сондай-ақ кездесуге қатысушылар одан әрі тестілеу мен емдеу үшін, медициналық орталықтарға өзін-өзі тексеруден өткен адамдарды алып жүру тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.