Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

ЭНТЕРЕВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯНЫ АЛДЫН АЛУ

Энтеровирусты инфекциялар —  пикорнавирустар тұқымдасына жататын, қоздырғыштардан туындайтын инфекциялық аурулардың үлкен тобы.

Энтеровирус  ағзаға асқорыту жүйесі мен  жоғарғы тыныс жолдарының сілемейлі қабығы арқылы енеді.  Вирус енген жерінде жиналып, көбейеді.

Вирустар тіршілік ететін негізгі екі орта бар. Біріншісі –  қоршаған орта, негізінде, су қоймалары мен топырақ. Екіншісі – адам ағзасы.  Осылайша, су,  тағам және қоршаған заттармен қатар ауру адам басқалар үшін инфекция көзі ретінде әсер етеді.

Энтеровирустар әртүрлі жолдармен беріледі. Солардың ішінде жиі кездесетіні:

  • Ауа-тамшы (түшкіру, жөтел, сөйлесу кезінде)
  • Тұрмыстық (бірнеше адам қолданатын тұрмыстық заттар арқылы)
  • Оральді-фекальді (жеке бас гигиенасын сақталмаған жағдайлар мен ластанған су, тағам өнімдері арқылы )

Анасының  құрсағындағы баласын жұқтыру мүмкіндігі де дәлелденген факт болып табылады.

Энтеревирусты инфекциялардың ерекшілігі –  олар аурулардың негізгі өршуі болатын қыс және көктем кезінде емес, жаз және күз айларында жиі кездеседі.

Жұқтыру кезінен бастап алғашқы клиникалық көріністердің пайда болуына дейін 3 – 6 күн өтеді.

  • Ауру жедел басталады
  • Дене температурасының кенеттен 38-40дейін көтерілуі
  • Бас ауруы
  • Әлсіздік
  • Бас айналуы
  • Жүрек айну, құсу
  • Ұйқының бұзылуы

 

Аурудың инкубация кезеңі 2 күннен бір аптаға дейін созылады.

Ауру басталған 1 – 3 күннің ішінде лимфа түйіндерінің көлемі ұлғаяды.

Ең жиі әсер ететін  мойын, құлақ арты, бұғанаүсті түйіндері, шат түйіндерінің де қабынуы мүмкін.

Энтеровирусты экзантема немесе тері бөртпесі дене темперасу көрілгеннен кейін 2 – 3 күнде пайда болып, дененің барлық жерінде (бет, мойын, арқа, кеуде, қол, аяқ), қызылша кезінде пайда болатын бөртпеге ұқсас, көптеген қызыл нүктелер түрінде көрініс табады.

Бөртпелер тамақ пен ауыз қуысының сілемейлі кабатында пайда болады. Қызыл түсті нүктелер ішінде сұйықтығы бар көпіршіктер түрінде болады, уақыт өте келе олар кеуіп ойық жараларға айналады.

Бөртпелердің ауыз қуысының тұсында, ерінде, алақан мен табанда, сонымен қатар тамақта герпетикалық ангина түрінде кездесуі энтеровирустарға тән белгілер болып табылады.

Жаз мезгілінде энтеровирусты инфекцияны жұқтыру қауіпі күрт ұлғаяды, сол себепті ЭВИ алдын алу шараларын білу  өте маңызды.

 

1)Жеке бас гигиенасын сақтау

2)Қауіпсіз тамақтану принциптерін сақтау

  • Азық-түліктерді таза жерде сақтау
  • Шикі азық-түлік пен өңделген азық-түліктерді бөлек сақтау
  • Азық-түлік өнімдерін мұқият өңдеу
  • Қауіпсіз су (субұрқақта, бақылаусыз қалған шомылу орындарына суға түсуді болдырмау, балалар бассейнге түскен кезде мұқият болу)мен тағам өнімдерін тұтыну

Таза ауадағы серуендерге келетін болсақ, дене температурасы қалыпты жағдайға түскен кейін қысқа мерзімді серуендерге шықса болады. Алайда баланы қоршаған ортадан оқшаулау қажет екенін ескеру қажет.  Қоғамдық көліктерде және адамдар көп шоғырланған жерлерге апармаған жөн. Жеке бас гигиенасын сақтау мен профилактикалық іс-шараларды жүргізу арқылы біз балалардың денсаулығын сақтай аламыз.

 

Батырбек Н.Қ.

СӨС дәрігері

« №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы»