Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Қазақстанда 1 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда «Алдын алу. Қорғау. Егу» ұранымен ЖРВИ

Қазақстанда 1 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда «Алдын алу. Қорғау. Егу» ұранымен ЖРВИ, тұмаудың және пневмококтік инфекцияның алдын алуға бағытталған айлық өтуде.

Тұмау – тұмау вирусы тудыратын, әсіресе қыста және күзде белсенді белең алатын тыныс алу жолдарының жедел инфекциялық ауруы. Тұмау вирусы адамнан адамға оны жұқтырған адам жөтелген немесе түшкірген кезде бөлінетін өте ұсақ бөлшектер арқылы ауа-тамшы жолымен жеңіл беріледі.  Тұмаудың белгілері әдетте бірден жоғары температура және күшті әлсіздікпен басталады, сонымен қатар науқасты құрғақ жөтел, бас ауруы мазалап, оған бұлшық еттердің, буындардың, сүйектердің сырқырауы қосылады.

Тұмаудың алдын алу келесі жеке қорғану шараларын қамтиды:

қолды жүйелі түрде сабынмен жуу;

жөтелген немесе түшкірген кезде бір реттік сулықтады пайдаланып мұрын мен ауызды бүркеу;

тұмаудың белгілері байқалған адамды уақытында оқшаулау;

науқас адамдармен тығыз байланыста болудың алдын алу;

науқас адамдармен байланыста болған кезде бетперде кию;

адамдардың көптеп жиналған орындардан (ойын-сауық шаралары, жиналыстар, кездесулер) бойды аулақ ұстау;

жайдың ішін мезгіл-мезгіл желдету;

салауатты өмір салтын ұстану (дұрыс ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, ағуызға бай құнарлы тамақ) ағзаға кез келген инфекциялармен күресуге көмектеседі.