Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

«Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына»  жаңа 20 автокөліктің кілті табысталды. 

2019 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесінің қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына»  жаңа 20 автокөліктің кілті табысталды.

Жаңа автокөліктерді  Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов табыстап, жедел жәрдем станциясының қызметкерлерін құттықтады.

Бүгінгі таңда қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында 4 қосалқы станция мен 9 медициналық бекеттерде 80 дәрігерлік және фельдшерлік бригадалар қызмет атқарады.

Сондай-ақ, 70 дәрігер мен 613 орта медициналық қызметкерлер қала тұрғындары мен қонақтарының денсаулығын сақтау мақсатында тәулік бойы қызмет істейді. Күн сайын 1500-ден астам шақыруға қызмет көрсетіледі.

Ағымдағы жылы халықаралық реанимация және қауіпсіз көлік жүргізу стандарттары бойынша станцияның 700 қызметкері біліктілігін арттырған болатын.

Жаңа автакөліктер елорда тұрғындарының денсаулығы үшін жедел медициналық жәрдемнің қолжетімділігін күшейтеді. Жыл соңына дейін тағы да 32 жаңа автокөліктер станцияға табысталатын болады.