Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/18

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Қант  диабетіне қарсы дүниежүзілік күрес күні: «Диабет бақылауда!»

Қант  диабетіне қарсы дүниежүзілік күрес күнін, 14 қараша,  1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлемде  диабет ауруының көбею қатеріне орай  енгізген.

Диабет –   бұл ұйқы безінің гормоны -инсулиннің жеткіліксіздігі салдарынан қандағы қант деңгейі көтерілетін ауру. Аурудың екі негізгі типін айырады:

1-ші типтегі диабет –  ауыр науқас, оның пайда болуына бәрінен бұрын генетикалық  бейімділік мүмкіндік туғызады. Жиі балалық шақта және жас кезінде айқындалады.

1-ші типтегі қант диабетінің алдын алу:

  1. Вирустық аурулардың алдын алу: қызамық, ұшық, паротит және т.б. Уақтылы вакциналау ауыр вирустық жұқпалардың көбінен сақтап қалуға көмектеседі;
  2. Бір жарым жасқа дейін емізу бірінші типтегі қант диабетінің даму қатерінің алдын алатыны анық;
  3. Жас кезінен тиімді және үйлестірілген тамақтану;
  4. Күйзелісті оқиғалардың алдын алу.

2-ші типтегі диабет — артық салмақтан зардап шегетін 35-40 жастан асқан адамдарда айқындалады  .

2-ші типтегі қант диабетінің алдын алу

  1. Құтқаратын ылғал. Кәдімгі суды жеткілікті көлемде ішу қажет. Глюкоза тек организмде су мөлшері жеткілікті болғанда ғана толық ыдырауы мүмкін.
  2. Пайдалы тағам. Тамақты артық жемеу, шағын порциямен жиі тамақтану, жаңа піскен көкөністер мен жемістерді жеткілікті пайдалану қажет.
  3. Қозғалыс – өмір! Дене белсенділігі — бұл тек артық салмақтан айырылу ғана емес, дұрыс дене жүктемесі қанда артық глюкозаның жиналуына жол бермейді.
  4. Сабырлылық. Қатты күйзелісті оқиға аясында қант диабетіне ұшыраудан басқа, аурудың күшеюін жеделдетуге болады.
  5. Ең бастысы – алдын алу! Қант диабетінің бастапқы алдын алу шеңберінде жоспарлы медициналық қарап тексеру өте ықпалды шара.   35 жастан кейін,  ең болмағанда үш жылда бір рет  гликемиялық индекске анализ тапсыру қажет.  Семіру,  ауыр тұқым қуалаушылық және басқа да қатер факторлары кезінде   анализді жыл сайын тапсыру қажет. Ақыр аяғында, қант диабетімен кейінгі күресу дәрігерге әдеттегідей келуден анағұрлым көп уақытты алады.

Аман-сау болыңыздар!

 

Нұр-Сұлтан қаласының  Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы