Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Қарияларды төл мерекелерімен Басқарма ұжымы құттықтап шықты

Қала тұрғындары денсаулығын нығайту мен сақтау мақсатында әр жылдары аянбай қызмет еткен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ардагерлер-қызметкерлерін Басқарманың жас буын өкілдері құттықтады. Гүл шоғы мен сыйлық сертификаттары 10 ардагер-қызметкерлерімізге табысталды.

«Әрине, үлкендерімізге көңіл бөлу мен сыйлықтар ұсыну тек бұл күнде жасалатын нәрсе болмауы тиіс. Біз үшін тәлімгер, өмірлік ұстаз бола білген қарияларымызға осы күні үлкен алғыс білдіреміз. Ерең еңбектеріңіз бен халық игілігі үшін жасаған қызметтеріңіз үшін рақмет! Жүздеріңізден күлкі кетпесін, әрдайым көтеріңкі көңіл күйде, ең бастысы амандықта жүре беріңіздер!», – деп құттықтады Басқарма басшысы Тимур Мұратов.