)
Қарттар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағыныстағы медициналық ұйымдарымен зейнеткерлерді, еңбек ардагерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрмет-құттықтау іс-шаралар науқанын өткізді.
Медициналық мекемелердің қабырғасында ардагерлермен кездесулер өткізілді, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды, материалді көмек көрсету жүргізілді (азық-түлік сөмкелері, қаражат беру, сыйлықтар), тұрғын үйлері мен емханаларда медициналық тексерулер жасалды.
Басқарманың қызметкерлері Ұлы Отан соғысының медицина ардагерін, 2 тыл еңбекшілерін, астаналық медицинаға өз өмірлерін арнаған Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 9 ардагерін құттықтады.
Біздің ардагерлеріміз мен зейнеткерлерімізге зор денсаулық, амандық пен ұзақ өмір тілейміз!