Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

«Қолжетімді дәрігер» нысаны ашылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Қолжетімді дәрігер» нысаны үш медициналық орталықта ашылды. Олар: Кенесары 1 мекенжайындағы «Интертич» отбасылық амбулатория, Н.Тілендиев 46 мекенжайында орналасқан «Сан-Тоты» отбасылық денсаулық орталығы және Ұлы Дала 25/1 мекенжайында орналасқан «Сарайшық» отбасылық денсаулық орталығы.

Орталықтың ашылуына Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Рүстемова А.Ш., АМСК және дәрілік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Өмірзақова Ә.Б қатысты.

«Интертич» отбасылық амбулаториялық орталығы Сарыарқа ауданындағы «Бурлин» және «Эмират» тұрғын үй кешіндеріне, «Сан-Тоты» отбасылық денсаулық орталығы Көктал-1, Көктал-2 тұрғын алабының халқына, «Сарайшық» отбасылық денсаулық орталығы Есіл ауданындағы «Камал», «Nova City»  кешендерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Медициналық көмек бір жалпы практика дәрігері  бірнеше учаске бойынша көрсетіледі. Орталықтар демалыс және мереке күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін екі ауысымда жұмыс істейтін болады.

Орталықтардың барлығы емшара, дәрігерге дейінгі және қарау кабинеттерімен жабдықталған, онда профилактикалық скринингтік тексерулер және қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек жүргізілетін болады. Бейінді мамандармен (невропотолог, эндокринолог, хирург, кардиолог, ультрадыбыстық диагностика кабинеті) консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілетін болады, сондай-ақ дәрігердің үйге баруы да қарастырылған. (патронаж, белсенді бару, үйге шақыру, үйдегі стационар және т.б.)

Сонымен қатар, 4 санаттағы жедел және шұғыл медициналық жәрдем қажет жағдайда жәдел медициналық жәрдемді шақыртуға мүмкіндік бар.