Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

«Қол жетімді дәрігер» нысаны ашылды

Бүгін 2019 жылдың 25 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен Байқоңыр ауданы Лесозавод тұрғын алабының тұрғындарына (8405 адам, оның ішінде  2950-і 14 жасқа дейінгі балалар) медициналық көмектің  қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін “Достық” отбасылық денсаулық орталығы «Қол жетімді дәрігер» амбулаториялық-емханалық бөлімшесі ашылды.

Медициналық көмек 5 участкеге, яғни  бір жалпы практика дәрігеріне 1600 адамға көрсетіледі. Бөлімше сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін екі ауысымда, демалыс және мереке күндері кезекшілікпен жұмыс істейді.

Бөлімшеде емшара және егу кабинеттері, дәрігерге дейінгі және қарау кабинеттері қарастырылған, онда профилактикалық скринингтік тексерулер және қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек жүргізілетін болады. Бейінді мамандармен (эндокринолог, хирург, уролог, кардиолог, ультрадыбыстық диагностика кабинеті) консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілетін болады, сондай-ақ дәрігерлерді үйге шақыру, потранаж қызметі көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, 4 санаттағы жедел және шұғыл медициналық жәрдем қажет жағдайда жәдел медициналық жәрдемді шақыртуға мүмкіндік бар.  Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының жақын орналасқан пункті Досмұхамедұлы көшесі, 24 үйде орналасқан.

Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қисықова С.Д емхана бөлімшесіне келген тұрғындармен жүздесіп, бұндай нысандардың халық игілігі үшін қызмет ететінін  жеткізді.