"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ

«Қоғамдастықтың шешуші рөлі» айлығы өз мәресіне жетті

  • 12/06/2019
  • Rustem Kaimolla

Елордада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес айлығы қорытындыланды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін шараның биылғы тақырыбы «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» деп аталды.

Айлық барысында қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары тегін және анонимді түрде экспресс-тестілеуден өтіп, аз ғана уақыттың ішінде өз мәртебелерін білу мүмкіндігіне ие болды.

Науқан барысында барлығы 116 іс-шара өткізіліп, 5 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 1 мыңнан астамы АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ жұқпасының алдын алудың маңызы туралы тұрғындардың есіне салу, жұқпамен өмір сүретін адамдардың құқықтарының қорғалуына қоғам назарын аудару.

Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы директорының айтуы бойынша, 2018 жылдан бастап қалалық ЖИТС орталығы АИТВ инфекциясының таралуына тұрақты жауап беру мақсатында халықтың негізгі топтарының және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың алдын алу, күту және қолдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізуін кеңейту жолымен 2018-2020 жылдарға арналған АИТВ компоненті бойынша Жаһандық қордың грантын алды. – «Грант шеңберінде біз алдын алу қызметтерін, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға күтім мен қолдау көрсететін 4 үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасамыз. Жобаны іске асыру кезінде үкіметтік емес ұйымдары арқылы халықтың негізгі топтары арасында осы қызметтердің қажеттілігін куәландыратын оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да өз тиімділігін көрсететініне сенімдіміз, – деді С.Б Абдраимов.

 

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында 1997 жылдан бастап 1653 АИТВ-инфекциясы тіркелді, оның ішінде осы жылдың 9 айында 155 жағдай.

Басшылық

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ҚР Тұңғыш Президенті
Алтай Сейдірұлы Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Мұратов Тимур Мұратұлы
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы

Пайдалы бөлімдер

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің қаланы абаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай байланыс орталығы