)
Қызылша – əуеде тамшылау жолымен жұғатын өте жұқпалы инфекция.
Инфекция көзі:
Аурудың инкубациялық (жасырын) кезеңіндегі тері бөртпелері шыққаннан бастап 4-5 күн ауырған адам.
Инфекция келесі жағдайларда жұғады:
-жөтелегенде;
– түшкіргенде;
– әдеттегі сөйлеу кезінде;
Аурудың негізгі симптомдары:
Қабақтың ісінуі; бастың қатты ауруы; конъюктивит; ұйқының бұзылуы; тәбеттің нашарлауы; тұрақты құрғақ жөтел; жалпы мазасыздық; дене қызуының көтерілуі; 3-8 күннен кейін денеде біртіндеп қосылып кететін дақты-папулезды бөртпе пайда болуы; Шырышты секрециясы бар ринит.
Профилактикалық шаралар: Уақытылы жоспарлау иммундай, ол 12-айлық жаста және мектепке барардың алдында 6 жаста жүргізіледі; Науқас жатқан бөлмені жиі желдетіп тұру; Бөлмені жиі ылғалды тазалау; Қарым-қатынас жасауды шектеу, қызылшамен сырқаттану барысында түрлі көпшілік орындарға бармау, іс-шараларға қатыспау; Қорғаныс бетпердесін кию.
Қызылшамен ауру, әсіресе балалар арасында пневмания, жалған қыспаққа стоматит сияқты асқынуларға алып келді. Ересек адамдарда менингиттің , менингоэнцефолиттің және полиневриттің дамуы мүмкін. Қызылшамен ауырған адамда өмір бойы иммунитет сақталады.