Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Қыста жарақаттану

Бүгін, 21 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы А. Солодтың, Нұр Сұлтан қаласының полиция департаменті және Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар комитетінің өкілдерінің, Нұр-Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қатысуымен  “Қыста жарақаттану” тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Қыс мезгілі – көп жарақаттану болатын кезең. Қыстың басталуымен, алғашқы қар жауған кезде, жарақаттауына байланысты медициналық мекемелерге жәрдем алуға барғандар саны 2-3 есе артады. Қысқы уақытта жарақаттану себебіне көбінесе көктайғақ, жол-көлік оқиғалары, өрттер, көмірқышқыл газымен улану жатады.

Қараша айында жарақаттануына байланысты медициналық көмекке барлығы 3588 адам жүгінді, оның ішінде балалар -1905, оның ішінде көктайғаққа байланысты жарақаттар 888 жағдайды құрады, соның ішінде балалар -376. Аязға үсумен 7 адам жүгінді, оның ішінде 2 бала.

Жаяу жүргіншілер мен көлік жүретін жол бөлігінің нашарлауы зардап шеккендер санының көбеюіне ықпалын тигізді. Бұл рете ең жиі кездесетін жарақаттар: аяқ-қол сүйектерінің сынуы, буынның шығуы, созылуы, қосарлас жарақат, бас сүйек -ми жарақаты.

Нұр-Сұлтанда 4 травмпункт пен емханалардағы 20 травматологиялық кабинет көмек көрсетеді. №1 қалалық аурухананың трамвпункті Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Орталық жол ауруханасының жарақат пункті Сарыарқа ауданының тұрғындарына арналған.