Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Үсудің алдын алу

Үсу – бұл төмен температуралардың әсер етуі нәтижесінде пайда болатын, дене бөліктерінің зақымдануы.

Үсудің және ағзаға салқын тигізудің алдын алу

Сізге салқын тиюге және қатты аязда аязда үсуге жол бермеуге мүмкіндік беретін бірнеше қарапайым ережелер бар:

– салауаттылық! – спірттік ішімдіктер жылудың елесін ғана береді, іс жүзінде жылу беру әлдеқайда жоғары, онымен бірге үсіп кету қаупі де бар;

– темекіні таста! – аязда шылым шегу кезінде перифериялық қан ағымының төмендеуі есебінен қол-аяқ ұштары үсуге анағұрлым әлсіз болады;

– ашықпаймыз! – аязға шығар алдында дұрыстап тамақтану керек, ағзаға қуат қажет;

— «бос қырыққабат» стилі! – бірнеше қабаттап («қырыққабат» секілді) киінбеген, тар емес киім қанның қалыпты айналуына ықпал етеді. Бұл ретте сыртқы киім су өткізбейтін болуы керек;

— тар аяқ киімге жол жоқ! – тар аяқ киім үсу қаупін бірнеше есе арттырады;

— толық киіну! – аязға шығар алдында міндетті түрде бас киім, шарф және қолғап киіңіз;

— кремдер толық сіңірілу үшін, оларды далаға шығар алдында 30 минут бұрын жағу қажет;

— үсідің бе – жылын! Егер сіз аяқ-қол ұштарының үсуін немесе салқын тигенін сезсеңіз, жылыну үшін және үсуге анағұрлым әлсіз жерлерді қарап-тексеру үшін кез келген жылы жерге – дүкенге, дәмханаға, жылы қоғамдық көлік аялдамаларына кіріңіз;

— қайта үсуге жол бермеңіз! – мұндай жағдайларда зақымдану тереңдігі мен ауырлығы әрқашан неғұрлым айқын болады;

— желден тығылыңыз! — желден үсу ықтималдылығы біршама жоғары.

Үсу кезінде алғашқы жәрдем беру

  1. зардап шеккенді жылы жерге көшіру
  2. дененің зақымдалған учаскесін біртіндеп жылыту (қатып қалған немесе су болған киімді шешу, үсіген жерлерге жылу оқшаулағыш (мақта-дәкелі) таңғыш салу, содан кейін зақымдалған аяқ-қол ұштарын бекіту)
  3. зақымдалған аймақты қармен, киіммен және т.б. уқалауға болмайды.
  4. зардап шеккенге жылы тамақ беру, жылы шай беру;
  5. ешқашан зардап шеккенге алкоголь немесе кофе ұсынуға болмайды!
  6. егер жылытқан кезде зақымдалған аймақта сезімталдық қалпына келмесе, дереу медициналық көмекке жүгініңіз!
  7. 2-4 дәрежедегі үсу кезінде (тілі байлану, аяқ-қол ұштарының салқындауы, жылыну кезінде қышу, күю, ауыру, сезімталдықтың жоғалуы, мөлдір және/немесе қанжы сұйықтығы бар көпіршіктердің пайда болуы, терінің түсі мәрмәр түсті күрт көгерген, жылынудан кейін ісіну) зардап шегушіні шұғыл тәртіпте жарақат пунктіне жеткізу немесе жедел жәрдем шақыру.

 

Келе жатқан мерекелер қарсаңында сақтылық пен абайлаушылық танытыңыз! Қыс жеңіл болсын!