Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ӨСОА – бұл өкпенің қабынуын, өкпе тінінің зақымдануын және тыныс алу жолдарының тарылуын тудыратын ұзақ ауру, ол тыныс алудың бұзылуына алып келеді. ӨСОА ең көп тараған белгілері – ентігу, созылмалы жөтел және қақырықтың бөлінуі, уақыт өте келе бұл белгілер тек қиындайды.
ӨСОА-ның басты алдын алу – ол темекі шегуден бас тарту. ӨСОА-ның екінші алдын алу ағзаны жалпы нығайту және иммунитетті көтеру болып табылады.
Есіңізде болсын! Ауруды уақытында табу өте маңызды.
Денсаулығыңызды күтіңіз!
Нұр-Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы