Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

10.10.2020 ж «Салауатты Астана» отбасылық дәрігерлік орталығы мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға арналған  қайырымдылық акциясын өткізді.

10.10.2020 ж «Салауатты Астана» отбасылық дәрігерлік орталығы мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға арналған  қайырымдылық акциясын өткізді. Мақсат – аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлерге көңіл бөлу, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдардың  проблемаларына баса  назар аударып, өмір сүру сапасын жақсарту. Шараға 50-ден астам адам  қатысты.

«Салауатты Астана» филиалының басшысы Алмагүл Базарова:  

  • Бүгінгі өткізіп отырған шара әр қарт адам мен мүмкіндігі шектеулі жандардың назарымыздан тыс қалмайтындығының белгісі. Оларға ерекше күтім қажет.Әрдайым осы топтағы науқастарымыздың үйлеріне мамандарды жіберіп, медициналық тексерулер ұйымдастырылады. Арнайы жедел жәрдем қызметіміз емханада тексерілу қажет болғанда,оларды апарып, алып кетіп демеп отырады. Біз үшін әр пациенттің жағдайы маңызды. Біз үшін әр пациент қымбат.

«Салауатты Астана» отбасылық дәрігерлік  орталығы қонақтарға жарқын концерттік бағдарлама дайындады. Сонымен қатар,  шараға әр келуші медициналық тексерістен тегін өтіп, мамандардан кеңестер  алды. Атап айтсақ: кардиолог,лор; хируруг,невропатолог,эндокринолог,УДЗ  ОБП (іштің мүшелеріне),УДЗ (жүрекке).

Акция қатысушы астаналық көп балалы және ерекше баланың анасы Жанар Бердіқұлова мекеме дәрігерлеріне дән риза.

Жанар Бердіқұлова,  көп балалы ана:

  • Бүгінгі акцияға балаларыммен келдім. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі баламды өажетті мамандарға тегін тексерттім. Осындай шаралар жалғасын таба берсе, біздей ата-аналарға жақсы болар еді.

«Салауатты Астана» ЖШС халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (кезексіз  дәрігерден кеңес алу) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген мүмкіндігін ұсынады.

Қазіргі уақытта орталыққа тіркелденгер саны 70 мыңға жуық.Оның ішінде, көп балалы аналар – 348, мүгедектер – 932, Жалғыз басты қарттар – 18,аз қамтылған отбасылар – 77.

 

Қосымша ақпарат үшін: 8 775 3602899,  эл.адрес: muhan1001@mail.ru