Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

«103» жаңа автокөліктердің арқасында бригадалар саны 170-ке артады

Жедел жәрдемге толыққан жаңа көліктер бригадалар санын, қажет болған жағдайда күніне 160-170 бригадаға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа техника медициналық көмектің сапасын арттырады, деді жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев.

«Нұр-Сұлтан қаласының «103» автопаркі заманауи жабдықтармен жабдықталған 14 жедел жәрдем көлігімен толықтырылды. Жыл соңына жетпей біздің автопарк 2,5 есе ұлғайды. Өткен жылы желтоқсанда автопаркте 64 машина болса, қазір енді 165 болды. Көлік кілттерін қала әкімі салтанатты түрде табыс етті. Барлық көліктер заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, олар шақыру және науқасты ауруханаға жеткізгенде де қарқынды терапия жүргізуге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін Кәсіпорынның паркін 35 бірлік автокөлікпен толықтыру күтілуде, бұл Кәсіпорынның көлік паркін жаңартуға 100% дейін жетуге мүмкіндік береді», – деді Станция директоры.

Заманауи техникамен жабдықталған жаңа автокөліктердің артықшылығын жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі де атап өтті:

«Мысалы, бұрын алдағы орында отырған дәрігер науқастың қасына барам десе, автокөлікті тоқтату керек еді. Ол басқа есіктн кіру тиіс. Енді слон ішімен өтуге мүмкіндік бар.Өте ыңғайлы. Көліктердің іші кең, бұл жұмыс үшін де өте тиімді», – дейді жүргізуші.

Пандемия кезінде бригадал күніне 3 мың қоңырау шақыртуларына щыққан. Яғни жүктеме 3 есе артты.

КВИ басталғанға дейін емхана қызметін қоса алғанда шақыртуларға 100-ге жуық бригада щыққан. КВИ өршіген кезде «103»-тің карета санын 140-қа дейін көбейтілді, қазірде 170-ке дейін ұлғаятыны жоспарда.

Бүгінгі таңда қаладағы «103» станциясында жүктелген функцияларды орындау үшін кадрлар мен материалдық-техникалық ресурстар жеткілікті.