Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексерулерден  өтті

23-ші қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық фтизиопульмонология орталығы қолдауымен «STOP туберкулез!»  атты ауқымды қалалық акциясын бастады.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезге зерттеуді уақытында өту және ауру жөніндегі ақпаратты арттыру.

Ағымдағы 1 қазандағы күніне сәйкес 4 жылжымалы флюорографтардың көмегімен күнделікті түрде нарықтарда (Ұлжан, Бигшанхай), сауда үйлері мен орталықтарында (Дәулет, Астаналық базар, Әлем, Жаннұр, Джаффар, Бахус, Евразия, Аружан), тұрғын аудандарда профилактикалық тексерулер өткізілді.

Бірінші аптада барлығы 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексерулерден  өтті.

Жексенбі күні (29 қыркүйек) алыс тұрғын аумақтарда (Промышленный, Пригородный, Ондирис и Көктал) 401 адам тұрғылықты жерлерінен флюорографиялық тексерулерге зерттелді.

Халықтың оң пікірлері – іс-шараның нәтижесі. Аурудың алдын алуы және алғашқы симптомдары, уақытында анықтаудың тәсілдері  туралы халықпен әңгімелесу жұмыстары өткізілді.

7268 адамға туберкулез және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы сауалнама жүргізілді.

Қалалық емханаларда туберкулез сұрақтары бойынша ашық есік күндері өткізілді. Ауру бойынша консультациядан 436 адам, туберкулезге деген білімі туралы сауалнамалардан 1281 адам, флюорографиялық тексерулерден 2261 адам өтті. Сонымен қоса, жүкті әйелдермен әңгімелесу жұмыстары, денсаулық мектептері мен жастар орталықтарында іс-шаралар өткізілді.

13 білім беру мекемелерінде 37 ата-аналар жиналысы, 112 сынып сағаттары және 6 колледждерде «Туберкулезсіз өмір!» атты тақырыпта кездесулер мен семинарлар өткізілді.

1 қазаннан бастап 4 үлкен жоғары оқу орындарында студенттерге тексерулер жүргізілуі басталды: Астана медицина университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.С. Нарықбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті.

Осы акция 23 қазанға дейін жалғасады.

Туберкулез мәселесі дерексіз емес, бұл  ауруға әрқайсымыз шалдығуымыз мүмкін  және де туберкулезге қарсы күрестің сәттілігі әрқайсымызға тәуелді екенін ұмытпайық!

 

Емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін https://uoz.astana.kz ресми сайтынан қарай аласыз.