Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында Отбасы күні аталып өтеді.

2013 жылдың 1 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелерінің тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықпен елімізде жаңа мереке – Отбасы күні белгіленді, ал оны атап өтетін күн – қыркүйектің әр екінші жексенбісі.
Құрылу мен жыл сайынғы мерекенің басты мақсаты мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, руханиятты сақтау, жас ұрпақты тәрбиелеу, демографиялық проблемаларды, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды отбасы институты арқылы еңсеру жөніндегі ұлттық мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру болды.
Қазақстан әрқашан өзінің берік отбасылық дәстүрлерімен танымал болды. Ал адамның отбасына мұқтаждығы туралы мәселе біздің елде тіпті талқыланбайды. Отбасы – бұл жылы, нәзік және сонымен бірге өте күшті тұжырымдама. Отбасы – бұл біздің әлем! Отбасы – біздің татулық! Отбасы – бұл біздің болашағымыз!
Әр жыл сайын Отбасы, махаббат және адалдық күні біздің елімізде танымал бола бастады. Сонымен қоса, жастар бүгінде жасалған неке қию ұзақ және бақытты болады деген сенімде.
Әрине, бүгінгі күн – отбасымен бірге жиналудың, достары мен туыстарының ерекше қамқорлығының тамаша сәті.