Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

2019 жылдың 2 қыркүйектегі Елбасымыздың жолдауында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілетіні туралы айтып кетті.

2019 жылдың 2 қыркүйектегі Елбасымыздың жолдауында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілетіні туралы айтып кетті.

17 қыркүйекте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында Сәуле Кисикова басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында МӘМС жүйесінің ендірілуінің дайындылығы бойынша сөз салынды. Бас дәрігерлер медициналық мекемелердің жабдықталуы, мамандармен толықтырылуы, халыққа медициналық қызметті көрсету үшін 2020 жылдан бастап жоспарланған есеп-көрсеткіштерді талқылады.

Басқарма басшысы Сәуле Кисикова МӘМС пен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа жүйеде қалай іске асырылатыны туралы сұрақ көтерді. Медициналық ұйымдарының төсек-орын қорын оңтайлы қолдануды қамтамасыз ету мен қадағалауға, ана және бала өліміне қарсы шаралар қолдануға тапсырма берді.

Кеңесте жаңа жүйеге көшуді қарастырды: амбулаторлық қызмет қалай көрсетілетіні, қосалқы мердігердегі ұйымдармен шартқа отыру және медициналық реабилитация мен паллиативті көмек көрсетуге зор көңіл бөлінді.

Басшылық медициналық ұйымдарға өздерінің көрсеткіштерін жақсартуға қызығушылық танытуға және халыққа көңіл бөлу керектігін белгіледі.