Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

2019 жылғы 6 тамызда «Астана медициналық университеті» АҚ-да әкімнің орынбасары Б. Мәкеннің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС)

2019 жылғы 6 тамызда «Астана медициналық университеті» АҚ-да әкімнің орынбасары Б. Мәкеннің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу мәселелері бойынша республикалық штабтың отырысы өтті. Отырысқа әкімдік қызметкерлері, мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және т.б. қатысты.
«Штаб жұмысының негізгі мақсаты әр азаматқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барлық аспектілері туралы дұрыс және толық ақпаратты жеткізе отырып, халық арасында толық ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады, бұл тұтастай сақтандыру медицинасына үйлесімді көшуге мүмкіндік береді. МӘМС енгізгенге дейін бірнеше ай қалды және бүгінде біз проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын айқындау үшін жиналдық», – деп атап өтті әкім орынбасары Б. Мәкен.
Кездесуге қатысушылар МӘМС енгізуге астананың әзірлік мәселесін, бейресми жұмыс істейтін халықты нысандау мәселелерін талқылады, сондай-ақ 2020 жылы ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек туралы баяндама тыңдады.
МӘМС енгізу мәселелері бойынша өңірлік штаб 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, сондай-ақ әкімнің «Астанада міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мәселелері бойынша» 2019 жылғы 19 наурыздағы өкіміне сәйкес құрылды.