Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/03/05

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

2020 жыл қорытындысы бойынша Басқарманың алқа отырысы

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен 2020 жылға арналған іс-шаралардың қорытындылары бойынша басқарманың алқасы өтті.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемелекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижелерін Басқарма басшысы Тимур Муратов мәлімдеді.

2020 жылда елордада 19 индикатор мен көрсеткіштерге қол жеткізілді. Елордада негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды. Денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде барлық тіркелген азаматтарға электрондық денсаулық паспорты жасалды.

Басшының орынбасары Әлия Рүстемова барлық санаттар бойынша медициналық көмек көрсету бойынша Жол карталарын іске асыру нәтижелері туралы хабарлады.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жыл ішінде ҚЖА өлімі 14,4%-ға, МАИ – 27,6% төмендеді. Егер Нұр-Сұлтандағы өлім-жітімді 2020 жылға арналған республикалық көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, бұл 49,3% -ға аз», – деді Рүстемова А.

Қалалық ауруханаларда инсульт бойынша 320-ға жуық нейрохирургиялық ота жасалды, оның 102-сі жоғары технологияларды қолдану арқылы. 1682 науқас емделді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 25% -ға аз. Ишемиялық инсульттің үлесі 78%, геморрагиялық инсульт 22%-ды құрайды.

Бақтияр Мәкен өз кезегінде жансақтау бөлімдерінің жабдықталғандығын атап өтті.

«Бұл ретте акушерлік және реанимациялық қызметке баса назар аудару, сондай-ақ оларды медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және өнімдермен жабдықтау шараларын қабылдау маңызды », – деді әкім орынбасары.

Сондай-ақ, ол профилактикалық жұмысты күшейту және медициналық қызметкерлердің үздіксіз кәсіби даму үдерісін жетілдіру қажеттігін атап өтті. АМСК ұйымдарының халықтың репродуктивті денсаулығын қорғаудың профилактикалық және кеңестік қызметтері бойынша тиімділігін арттыруды тапсырды.