Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Қазақстанға АИТВ індетін бақылау бойынша бірегей ақпараттық жүйе тапсырылды

Қазақстанға АИТВ індетін бақылау бойынша бірегей ақпараттық жүйе тапсырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азиядағы АИТВ бойынша USAID «Флагман» жобасы Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығына халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-жұқпасының індетін бақылау бойынша үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға арналған ақпараттық жүйені тапсырды.

Жүйені әзірлеу үшін деректерді жинау және талдау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, киберқауіпсіздік саласындағы жаңа тәсілдер пайдаланылды, бұл денсаулық сақтаудағы заманауи технологиялардың рөлін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс сапасын арттыру үшін үкіметтік емес ұйымдар планшеттермен және қажетті тест-жүйелермен қамтамасыз етілген.

Жобаның арқасында үкіметтік емес ұйымдардың бағалаушылары жедел тестілеуді және АИТВ-ға өздігінен тексеруді, негізгі топтардағы туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға кеңес беруді және скринингті, вирустық жүктемені, емге бейімділік және әр түрлі себептермен диспансерлік есепте тіркелмеген АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды іздеуді қадағалай алады.

– Диагностикадан емдеуге дейінгі көрсетілетін қызметтердің толық мөлшерін қамтамасыз ету бойынша үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігері медициналық ұйымдарға айтарлықтай қолдау көрсетеді және негізгі топтар арасында АИТВ жұқпасының жаңа жағдайларының санын қысқартады, себебі, індет негізінен аталған топта дамып келеді, – деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.

Төрт жыл ішінде пилоттық режимде жүзеге асырылған «Флагман» жобасы арқылы Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының 10 мыңға жуық тұрғыны өзінің АИТВ – мәртебесін білді, 500-ге жуық науқас диспансерлік есепке тұрып, бес мыңнан астам адамға әлеуметтік қолдау қызметі қолжетімді болды.

Алдағы уақытта өзге де жобалар мен әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдар пайдаланатын ақпараттық бағалау және мониторинг құралдары, елдегі АИТВ індетіне қарсы күреске азаматтық қоғам ұйымдарының үлесін арттыруға және ЮНЭЙДС-тің 90-90-90 мақсаттарына табысты қол жеткізуге мүмкіндік береді.