Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

23-ші қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы «STOP туберкулез!»  атты ауқымды қалалық акциясын бастады.

23-ші қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы «STOP туберкулез!»  атты ауқымды қалалық акциясын бастады.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезге зерттеуді уақытында өту және осы ауру туралы ақпаратты арттыру.

Қалалық медицина мекемелері, мемлекеттік емес ұйымдар, білім беру мекемелері, ішкі істер департаменті, бизнес-құрылым өкілдері Нұр-сұлтан қаласы бойынша туберкулезге қарсы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында бірікті.

Алғашқы 4 күні сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда жылжымалы флюорографтардан 686 адам флюорогафиялық тексеруден өтті.

Іс-шара басталғаннан бастап күнделікті туберкулез сұрақтары бойынша ашық есік күндері №1, №2, №3 қалалық емханаларында және «Кировская» отбасылық амбулаториясында дәрігерлер консультациясы, туберкулезге деген білімі туралы сауалнама, жүкті әйелдермен жұмыс, денсаулық мектептерінде консультация және жаңа туған аналармен әңгімелесулер өткізілді. Аурудың алдын алуы және алғашқы симптомдары, туберкулезге қарсы екпе жасау және уақытында анықтаудың тәсілдері  туралы халықпен іс-шаралар өткізілді.

Консультациядан 104 адам, сауалнаманы 987 адам, қалалық емханаларда 1102 адам флюорографиялық тексерулерден өтті.

Білім беру мекемелерінде 12 ата-аналар жиналысы, 18 сынып сағаттары өткізілді.

Қала тұрғындарының жайлылығы үшін флюорографиялық тексерулері келесі сауда үйі мен орталықтарында демалыс күндері өтуге болады:

– сенбі күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Еуразия, Әлем, Джаффар Аружан, Жаннұр сауда үйлері мен орталықтарында;

– жексенбі күні сағат 10:00-ден 13:30-ге дейін Көктал, Өндіріс, Промышленный, Пригородный ауылды мекендерінде;

Осы акция 2019 жылдың 23 қазанына дейін жалғасады.

Туберкулез мәселесі дерексіз емес, бұл  ауруға әрқайсымыз шалдығуымыз мүмкін  және де туберкулезге қарсы күрестің сәттілігі әрқайсымызға тәуелді екенін ұмытпайық!

Емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін https://uoz.astana.kz ресми сайтынан қарай аласыз.