Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

6 айдың қорытындысы: Басқарма жұмысы  

Бүгін Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына қатысты Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті.

Осылайша, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындылары бойынша Мемлекеттік бағдарлама нәтижелерінің 39 индикаторының ішінен Басқарма 35-ке қол жеткізіп отыр. Бұл туралы алқа отырысында Басқарма басшысының міндетін атқарушы Рүстемова Әлия мәлімдеді.

Сондай-ақ, қала бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өткен жөн. Осылайша, соңғы жылдары елордада өмір сүру ұзақтығы артып, жалпы өлім-жітім, туберкулез, қатерлі ісік аурулары, қан айналымы жүйесі аурулары және басқалар азайды.

Рүстемов Ә.Ш. өз баяндамасында ана мен бала өлімін төмендетуге бағытталған негізгі іс-шараларды атап өтті. Жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге уақтылы, мамандандырылған, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін №1 Қалалық аурухананы және №2 Перинаталды орталықты біріктіру арқылы №1 Қалалық көпбейінді аурухана құру жоспарлануда. Сондай-ақ, 250 төсек орны бар акушерлік бөлімнің құрылысы қарастырылған. Бұл жүкті және босанған әйелдер үшін қолайлы жағдай жасау мен медициналық көмектің сапасын арттыруға бағыталған шаралар.

Нұр-Сұлтан қаласы ДДСҰ ұсынған әдістеме бойынша сыртқы сарапшылардың аудиті арқылы медициналық көмекке тиісті сыртқы сараптамалар жүргізген әлеуметтік жоба шеңберіндегі жалғыз аймақ. Атап  айтқанда, бұл акушер-гинекология, неонатология және педиатрия, анестезиология – реанимация.

Сонымен қатар, Басқармамен өткен жылы бастау алған қалалық емханаларда қосымша учаскілерді ашу жұмысы жалғасып жатыр.  Тек 2018 жылы емханалардағы бар 225 учаскілерге тағы қосымша 134 учаскі ашылған еді. Ал 2019 жылдың 6 ай бойынша ашылған учаскі саны – 37. Рүстемова Ә.Ш. мәлімдемесі бойынша, «Үйдегі дәрігер» жобасы да іске асырылып отыр. Осы жоба аясында 20 минуттық медициналық көмепктің қолжетімділгіні қамтамасыз ету мақсатында 7 жаңа нысан ашылды, 2-еуі ашылуға жақын. Ағымдағы жылдың төртінші маусымында тағы сондай 2 нысан ашылмақ.

Алқа отырысында Әлия Рүстемова жедел жәрдем қызметінің жұмысына нақтырақ тоқтап, басты нәтижелерін атап өтті.

«Медициналық көмекті уақытылы көрсетуде жедел жәрдем қызметінің жұмысы ерекше рөл атқарады. Елорда тұрғындарының саны жыл сайын өсуіне байланысты «103» қызметіне қоңырау шалу саны да артты – 2019 жылы шамамен 307 531 жедел жәрдем қызметінқ қоңырау шалу тіркеліп отыр. Соңғы 4 жылда жедел жәрдем паркі 50% жаңартылды. Осы жылы 52 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарлануда, оның ішінде 25-і бұрын болмаған толыққанды реанимобильдер. Барлық тендер рәсімдері аяқталып, автомобильдерді жеткізу 2019 жылдың қазан айында болады деп күтілуде. Медициналық көмектің сапасын және жаңа әкімшілік ауданда қоңыраулар логистикасын жақсарту мақсатында 230 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін «Байқоңыр» қосалқы станциясы (Жұбанов к-сі, 10а) ашылды», – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

2017 жылдан бастап Басқарма Назарбаев Университетімен, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығымен, Алматы Менеджмент университетімен, Астана медициналық университетімен және басқа да жетекші медициналық және шетелдік университеттермен біздің мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ынтымақтастық орнатуда.

2016-2019 жж.  үш деңгейлі жүйе бойынша 18 213 медицина қызметкері оқытылды. 2019 жыл аралығында 3 452 адам (оның 40-ы шетелде) онкология, акушерия және гинекология, анестезиология және қарқынды терапия, травматология, нейрохирургия, оториноларингология, хирургия бойынша Швейцария, Германия, Оңтүстік Корея және Израильдің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырып өтті.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтауды цифрландыру отандық медицинаны дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.  IT-медицина саласында көп жұмыс жасалды, енді елордада дәрігермен мобильді қосымша арқылы немесе ikomek 109 байланыс орталығы арқылы жазыла аласыз, сонымен қатар барлық медициналық ұйымдарда 1 миллионнан астам медициналық құжаттар цифрландырылды, атқарылған жұмыстардың арқасында әр тұрғынға электронды төлқұжат жасалды. Енді сіздің денсаулығыңыздың көрсеткіштерін бақылауға, жеке денсаулығыңыз туралы жазба арқылы мамандармен байланысуға болады.

Сондай-ақ, елімізде тұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Адалдық алаңы» жобасымен бірлесіп медициналық анықтамалар мен медициналық кітаптар шығарудың заңдылығын тексеретін ақпараттық қызмет жасады.  Енді оны Smart Astana мобильді қосымшасына ЖСН деректерін енгізу арқылы тексеруге болады.

Бұл шаралар жалған медициналық құжаттардың таралуына жол бермейді.

Осыған қоса, жиын қатысушыларға жақын болашақта жүзеге асырылуы тиіс жоспарлар мен міндеттер айтылды. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімділігінің артуы, қалалық біртұтас клиникалардың көп салалы емханалармен үйлесуі. Сонымен қатар, Басқарма «Мәскеу дәрігерімен» ұқсастық бойынша «елордалық дәрігер» жобасын жасауды жоспарлап отыр. Жобаның мәні – өздігінен жұмыс жасайтын, жаңа технологияларды енгізетін елордалық дәрігерлерді көтермелеу, мәртебесін көтеру.

Жиналыс қала әкімінің орынбасары Б.М.Макен төрағалығымен және вице-министр О.А.Әбішев, медициналық қоғамдастық, қаланың медициналық ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтті.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы Басқарманың қызметіне оң баға беріп, жиналыс аяғында бірқатар нақты тапсырмалар берді.