Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

9.12.2020 сәйкес елордадағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы брифинг

Құрметті БАҚ өкілдері коронавирустық инфекция бойынша елордадағы эпидемиологиялық ахуал туралы қысқаша және маңыздысын айтып өтейін.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстармалы түрде тұрақты. Инфекция жұқтырып алу күн сайын артып келеді, желтоқсан айына сәйкес тәулігіне 70 жаңа жағдайлар тіркеліп отыр.

Осылайша инфекциялық стационарларда 174  науқас коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдап жатыр, 18-і карантинді стационарда жатыр. Барлығы 192 адам.

Айта кетсек, қазан айында 490 ауру жағдайлары, қарашада – 1 486, желтоқсанның басынан 558 жағдай тіркелген. Осылайша, қазанда 185 адам немесе 37%, қарашада 365 науқас немесе 24%, желтоқсан басынан 143 адам немесе 26% емделіп шықты. Пайыздар көрсеткіштері аурухана керуерттеріне инфекцияға қарсы ем алу үшін науқастар санын азайғанын көрсетеді. Бұл дегеніміз, коронавирустық инфекцияның бар жоғын анықтау үшін амбулаторлы деңгейде жұмыс күшейгенін, фильтр кабинеттерінін жұмысы толыққанды ұйымдастырылғанын белгісі.

Бүгінде қала ауруханаларында 560 төсек орын ашылған, керуеттердің толуы 31 пайыз немесе 174 төсек-орынды құрайды.

Сондай-ақ халықаралық әуерейстермен ПТР анықтамасыз келген жолаушыларды карантинді стационарға орналыстыру үшін бұл стационарда 500 карантинді керуеттер ашылды.

Қажет болған жағдайда 6 мыңнан астам төсек орны бар 18 нысан қайта бейінделеді.Тиісті алгоритм бар.

Қазіргі уақытта инфекциялық бейінді қызмет көрсететін Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы ауруханаларында инфекциялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуге лицензиялары бар. Бұл ұйымдарда санитарлық бақылау пункті, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес басқа да талаптар сақталған.

Амбулаторлы-емхана қызметі жұмысының күшеюі бойынша

Ауру белгілері байқалмаған, COVID-19-дың жеңіл түрімен, сондай-ақ, ауырғандармен байланыста болған тұлғалар үнемі бақылауда және ақысыз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында қосымша ауруларға шалдыққан 60 жастан асқан адамдарға көрсетілетін медициналық қызметтердің көпшілігі қашықтықтан форматқа көшірілді (бейнеконсультация), науқастарға үйде қызмет көрсететін мобильді топтардың жұмысы күшейтілді, олардың саны 207-ге жетіп отыр.

COVID-19 үшін биоматериал жинауға арналған зертханалар саны 16-ға дейін көбейтілді, жалпы қуаттылығы тәулігіне 11 мыңнан астам зерттеу. Барлығы 637 мыңнан астам зертханалық зерттеулер ПТР-тестілеу арқылы өткізілді.

COVID-19 анықтау үшін биоматериал жинауға арналған зертханалар саны 16-ға дейін көбейтілді, жалпы қуаттылығы тәулігіне 11 мыңнан астам зерттеулер жүргізуге болады. Қазірде барлығы 637 мыңнан астам зертханалық зерттеулер жүргізілді.
ПТР зерттеулерімен көбірек қамту үшін көпсалалы қалалық ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде және ауруханалардың акушерлік бөлімшелерінде шағын изотермиялық зертханалар орналастырылды. Зерттеу нәтижесін 1 сағат ішінде алуға болады. (9 мобильді шағын зертханалар, тәулік қуаттылығы 1440 тестілеу).

Бұл шұғыл түрде денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға түскен науқастарда коронавирустық инфекцияның бар жоғын дереу анықтауға көмектеседі.

Тұрақтандыру қоры құрылды. Қалдықта 830 мың дәрі-дәрмектер данасы  бар. СК «Фармация»-мен бірлесіп дәрілерді сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жеке қорғану құралдарының 3 айлық қоры бар. Оларды ауыстыру мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.