Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

COVID-19 індеті қайталанған жағдайда «103» қызметінің жұмысы қандай болмақ

Жаз маусымында індеттің өршіген кезінде жедел жәрдем қызметіне жүктеме бірнеше есеге артқаны белгілі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустық инфекция қайталанған жағдайда «103» -ке жүктемені азайту бойынша шаралар қабылдауда. Осылайша, «103» диспетчерлік пульттерінің саны 14-тен 30-ға дейін ұлғайтылды. Қажет болған жағдайда қоңырауларға қызмет көрсететін жедел жәрдем бригадаларының саны БМСК ұйымдарында 70 бригадаға, жедел жәрдем станциясының деңгейінде 90 бригадаға дейін артады.

КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарды ЖЖМС деңгейінде госпитализациялау алгоритмі бекітілді.

«Жедел жәрдем станциясының базасында байланыс орталығы ашылды. Яғни, аумақтық емханалардың қызметкерлері тұрғындарға КВИ сұрақтары бойынша түсініктеме беруге әзір. Осылайша «103» желісіне жүктеме азайтылады. Сонымен қатар, қала тұрғындары жедел жәрдем шақыру үшін Telegram әлеуметтік желісіндегі чат-ботты әрдайым қолдана алады», – деді Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Әлия Рүстемованың айтуынша, ахуал орталығының жұмысы эпидемиологиялық ахуалды бақылау және науқастарды ауруханаға жатқызу, сондай-ақ ресурстарды тиімді бөлу мақсатында медициналық ұйымдардың өзара әрекеттестігі бойынша жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымдастырылған.