Нур-Cултан, Казахстан | 2021/03/05

г. Нур-Cултан, ул. Бейбітшілік, 11, этаж 4.

Приемная Руководителя: 8 (7172) 55-68-23

Канцелярия: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Пресс-служба: 8 (7172) 55-68-41

Медициналық ұйымдар 2019 жылдың қортындысын шығаруда

2020 жылдың 14 қаңтарында Денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен салалық жол карталарын орындау бойынша медициналық ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д. Кисикова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы», «Наркология және психотерапия орталығы», «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ұжымымен кездесті. Кездесу барысында,  медициналық ұйымдардың басшылары  2019 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша есеп берді.

Жедел жәрдем станциясының қызметі  қала тұрғындары мен халқының денсаулығын тәулігіне 24 сағат бойы күзететтін медициналық ұйымдардың бірі. Бүгінгі таңда станцияда  1100  қызметкер жұмыс ісейді, оның ішінде 750 медициналық қызметкерлер. Станцияға күніне 3500-ге жуық шақырту түссе, оның 2000-ға жуығына қызмет көрсетіледі. Жедел жәрдем қызметкерлерінің шақыртуларға тез жетуіне мүмкіндіктер жасалынуда. Соның бірі 2019 жылдың соңында станцияға 52 жаңа автакөлік алынған болатын. Қазір станцияда барлығы 116 автакөлік бар.

Басқарма басшысы келесі кезекте наркологиялық орталыққа барды. Наркологиялық орталық  аталмыш патология бойынша тәулік бойы ургентті жүзеге асыратын бір ғана мамандандырылған стационар болғандықтан  Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық медициналық ұйымдармен тығыз өзара жұмыс жасайды.

Орталық басшысы О.Комарова шұғыл түрде емделуге орналастырылған меншікті салмағы 33,9 %, ал жоспарлы түрде – 66,1% құрайынын жеткізді. Қалалық тұрғындарды наркологиялық төсек орындармен қамтамасыз ету көрсеткіші– 2 (2018 ж. – 2,2). Стационарлық емдеуге орналастырудан бас тарту жағдайы болмаған. 2546 ден 2828-ге дейін тәулік бойы стационардағы емделген  науқастар саны 11,4% — ға көбейген.

Сонымен қатар, С.Кисикова №3 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының да жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында аурухана басшысы      Шаметеков Иран Маратұлы 2019 жылғы аурухананың атқарылған негізгі жұмыстары бойынша есеп берді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді атап өтіп, көпбейінді балалар ауруханасының  бүгінгі жағдайымен таныстырды.

Жиынның қорытындысы бойынша басқарма басшысы әр бір медициналық ұйымның атқаратып отырған қызметін әрі қарай жетілдіріп, оң нәтижелер беру үшін тапсырмалар берілді.