Нур-Cултан, Казахстан | 2021/03/05

г. Нур-Cултан, ул. Бейбітшілік, 11, этаж 4.

Приемная Руководителя: 8 (7172) 55-68-23

Канцелярия: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Пресс-служба: 8 (7172) 55-68-41

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сұрақтары бойынша семинар өткізілді

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 23 мен 25 қыркүйек аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) сұрақтары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының басшыларына және орта медициналық қызметкерлерге арналған оқу өткізілді. Оқу ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен, «SuccessK» стратегиялық коммуникация жөніндегі агентствомен өткізілді. Бұл ұйым міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуін қарастырып, медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру бойынша оқыту материалдарын құрастырды.

МӘМС пакеттері пен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа жүйедегі өзгерістері туралы медицина қызметкерлерін ақпараттандыру мақсатында оқу семинарлары өткізілді.