Нур-Cултан, Казахстан | 2021/03/05

г. Нур-Cултан, ул. Бейбітшілік, 11, этаж 4.

Приемная Руководителя: 8 (7172) 55-68-23

Канцелярия: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Пресс-служба: 8 (7172) 55-68-41

Мұратов Тимур Мұратұлы

Мұратов Тимур Мұратұлы – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 1977 жылы 18 сәуірде дүниеге келген.

Білімі:

Медициналық, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.

Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі, дәрігер» мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институты «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі» – Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі,

Денсаулық сақтау жүйесінде 19 жыл қызмет етеді, оның ішінде 10 жыл басшылық лауазымда.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2001 жылы елордалық №6 емханада уролог дәрігері болып бастаған.

2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі жанындағы «Бас әскери емхана» ММ уролог дәрігері.

2004-2010 жылдары «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК уролог дәрігері.

2010-2012 жылдары Астана қаласы әкімдігі жанындағы «№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК урология бөлімінің меңгерушісі.

2012-2013 жылдары Астана қаласы әкімдігі жанындағы «№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары.

2013-2015 жылдары Астана қаласы әкімдігі жанындағы «№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігердің хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары.

2015-2017 жылдары Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «№ 2 Ақмола облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері.

2017-2018 жылдары «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары.

2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК бас дәрігері.

2019-2020 жылының шілде айына дейін Нұр-Сұлтан қ. ШЖҚ «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директорының бірінші орынбасары.

2020 жылдың 30 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және Астананың 20 жылдығына арналған “Астана 20 жыл” мерекелік медальмен марапатталған.