Нур-Cултан, Казахстан | 2021/03/05

г. Нур-Cултан, ул. Бейбітшілік, 11, этаж 4.

Приемная Руководителя: 8 (7172) 55-68-23

Канцелярия: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Пресс-служба: 8 (7172) 55-68-41

Семірудің алдын алу 

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының сарапшылары семіруді «пандемияға» — жаһандық  індетке жатқызды.

Семіру – бұл  энергияны тұтыну мен оны жұмсау арасында тұтыну жағына оң теңгерімсіздік салдарынан организмде май қыртыстарының мөлшерден тыс жиналуымен  сүйемелденетін созылмалы ауру. Өкінішке орай, семіру екпіндеп «жасарып» келеді: 70-ші жылдары осы науқастан зардап шеккен балалар саны бүгінгі таңда 10 есе ұлғайды!

Семіруден зардап шеккен балалардың денсаулық индексі салмағы қалыпты балалардан едәуір төмен екенін білу маңызды. Оның үстіне, бұл проблемалар  жий сақталады және өсе келе, жүрек аурулары,асқазан-ішек жолының аурулары,жұқпалы ауруларға қарсыласуының төмендеуі,жүйке жүйесінің патологиясы,қимыл-тірек аппаратының аурулары,гормондық бұзылыстар және дисгормондық аурулар сияқты  одан да ауыр асқыну түрлеріне әкеп соғуы мүмкін.

Осылайша, бастапқы профилактика құрсақішілік даму кезінен бастап балалар  семіруінің алдын алуға бағытталуы тиіс:

  1. Нәрестенің мөлшерден тыс өсуіне жол бермеу үшін, жүкті әйелдің үйлестірілген тамақтануы. Педиатрлардың пайымдауы бойынша, туған кезде дененің артық салмағы нәрестенің жалпы жай-күйіне әсер етеді және жасы өсе келе, семіру дамуының  іргетасы болып табылады;
  2. Бала өмірінің алғашқы 6-7 айы ішінде баланы тек емізіп, емшек сүтін беру, кейіннен қосымша тамақты уақтылы беру;
  3. Мектепке дейінгі жастағы балаларды үйлесімді және тиімді тамақтандыру, дене салмағының өсуін мұқият бақылау;
  4. Жеткіншек жаста: үйлесімді тамақтану және дұрыс дене жүктемелері.

Мынадай қарапайым қағидаларды сақтау қажет:

—  ұйқы мен тынығу режимін, соның ішінде ұйқы гигиенасын сақтау;

—  : «тамақ ішкенде – саңырау және сақау бол» деген қарапайым және парасатты қағидатты орындау: тамақ ішкен кезде бала мультфильмдерді, ойындарды, телефонды және т.б. қарайым деп, алаңдамауы тиіс;

— қарапайым көмірсуларды, тазартылған өнімдерді, ұннан жасалған тағамдарды және фастфудты тұтынуды шектеу.

Аман-сау болыңыздар!

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы